Тілімізді құрметтейік
Куньязова Гульнар Орынбасаровна
Мақсаты:
- Оқушыларға ана тілін білудің маңызы жайлы айту,ана тілін құрметтеуге үйрету.
- Ана тілі туралы өлең, тақпақ,нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту.
- Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд,“Ана тілім – арым бұл” эссе, суреттер, нақыл сөздер, тапсырма-сұрақтар.
Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен ,жұппен жұмыс.
Кіріспе.
Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды 22 қыркүйек Тілдер мерекесіне арнамақпыз.
Қызығушылыты ояту
Психологиялық тренинг «Тамаша екен»
«Дайындығыңды көрсет» кезеңі Ой қозғау.Мемлекеттік тіл туралы не айтар едіңдер?
Мәдениетіміз Тіл Әдебиетіміз
Арымыз намысымыз
Достық көпір Қатынас құралы
Жеке жұмыс “Ана тілім – арым бұл” тақырыбына эссе жазып «Ыстық орындықта» ең үздігін оқиды.
Ия,балалар, өздерің жазғандай Тәуелсіздік үшін күресте тілімізді,ділімізді елмізді сақтап қалуы үшін қаншама асыл азаматтарымыз құрбан болды. Ал,өздерің сүйіп оқитын «Айгөлек» журналының басшысы Қымбат Әбділдина:
Менің тілім біреу-ақ,
Сөйлейтін де, жазатын.
Тауып қойған тілеуі-ақ,
Қазақ деген өз атын,
Дариядай пейілі,
Тілі, ділі жырында-деп жырлайды.
Жұптық тапсырма:1-жұп: Ысқырып сөйлесуге бола ма?
Орталық Америка,Түркия мен Канап аралдарының кейбір аудандарында адамдар ысқырып сөйлесіп бір бірін түсініп жатады.
2-жұп:Ыммен сөйлесетін тілдер бола ма?Ыммен сөйлесуге бола ма?
Мылқаулар өзара ымдасып сөйлеседі. Қытай мен Америкаға дейінгі аралықтағы елдерде ыммен сөйлесетін бірнеше тілдер бар.
3-жұп:Әлемдегі ең көп сөйлесетін тіл мен диалекті туралы не білесіңдер?
Бүгінде әлем халықтары 5000 тіл мен диалектіде сөйлеседі. Индияның өзінде 845 түрлі тіл мен диалекті бар. Қытай тілінде 1123 млн. адам қытайша сөйлеседі. Бұл мандарин диалектісі әлемдегі ең көп сөйлесетін тіл.
4-жұп: Адамдардың тіл меңгеру қабілеті туралы айт.
Адамдардың тіл меңгеру қабілетіде әрқарай. Біреулер бір тілді жетік меңгере алмай жатса, енді біреулер бірнеше тілде еркін сөйлейді. Қысқа мерзім ішінде өзіне таныс емес тілді тез меңгеріп алады.40 тілге дейін меңгеріп сөйлейтін адамдар болған.
Жалпы сұрақ: Ең көп тараған тіл
Одан кейін ең көп тараған тіл – ағылшын тілі. Ағылшын тілінде 470 млн. адам сөйлейді. Халық аралық қатынас тілі ретінде қолданылады.
Сергіту сәті: Оқушылар өздері жаттаған тіл туралы тақпақтарын айтады
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң,байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.
Жетер енді,әркімге ермейік,
Қазақ болып құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым-ау,
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік
Қазақ-қазақ болғалы,
Тілі үшін күрес көргені.
Көргені жоқ тілім, Мүмкін емес өлмегі.
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін
Тәуба,тәуба жаратқанға мың тәуба
Біреу болсам қайтер едім жан сауға
Менің ұлтым – қасиетті киелі
Жасық емес,асыл оның сүйег
Ана тілі-асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
1.Топтарға тапсырма. Мақалдың мазмұнын ашу.Постерге салу,қорғау
- Ана сүті бал – баланың тілі бал
- Өнер алды- қызыл тіл”
- Кубизм.
- Тілдің тарихи маңызы.
- Тілдің адам үшін маңызы.
- Тілді шұбарламаудың жолын айт.
- ” Қызыл тілдің қадірін. Тоқтағанда білерсің.
” мақалды қалай түсінесің?
- Тілсіз ұлт жоқ. Неге?
- Тіл туралы қандай ән білесіңдер?.
Ш.Смаханұлы жазған
“Анамның тілі-аяулы үні” әні.
(Хормен ән айтылады.)
Қорытынды:
Мұғалім: Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.