Әйелдерге арналған бизнес дағдыларын дамыту тренингтері
Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы аясында Жамбыл облысында «FamForge and GenderLens» жобасы аясында «Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасының тренингтері ұйымдастырылды.
Тренингтердің негізгі мақсаты — аймақтағы әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, бизнес ашу және жүргізу, жаңа технологияларды тиімді пайдалану, сондай-ақ бизнес маркетингін құру саласында білім алуға мүмкіндік беру. Бұл бағдарлама әйелдерге бизнесті тиімді әрі табысты жүргізудің негіздерін үйретіп, олардың кәсіби өмірін жақсартуға бағытталған.
«Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасыаясында өткізілген тренингтер барысында қатысушылар бизнес әлемінде табысқа жету үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгерді. Аймақтың тәжірибелі кәсіпкерлерімен сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, әйелдергенарықта өз орнын табу үшін қажетті практикалық кеңестерберді. Тренингтер барысында бизнесті ашу мен жүргізудегіалғашқы қадамдар, заманауи технологияларды қолдану, кәсіпкерлік саласында маркетингті тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ бизнестегі мүмкіндіктерді дұрыс бағалау туралыкеңестер берілді.
«Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасы аймақтағы әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіру мақсатында маңызды қадам болып табылады. Жобаның іске асырылуы аймақтың экономикасын нығайтуға және әйелдердің кәсіпкерлік саладағы рөлін арттыруға елеулі үлес қосады.