“Тілді сүю-тал бесіктен”

Ниязбаева Толғанай Ескалиқызы
Тақырыбы: «Тілді сүю-тал бесіктен»
Мақсаты:
1. Балаларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы бала дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, үнтаспа, суреттер.

Қазақстан Республикасының  гимні орындалады.

Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты
Қайырлы таң ,балалар!
Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз,кәне  бір –бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Балалар:
Күніміз жарық болсын,

Аспанымыз ашық болсын,
Деніміз сау болсын,
Еліміз тыныш болсын
Досымыз көп болсын
Балабақшамыз жайнай берсін
Нанымыз көп болсын!

Тәрбиеші:
-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Бас қаламыз қай қала?
-Ұлтымыз қандай?
-Қай тілде сөйлейміз?
-Біздің  Президентіміз кім?
-Жарайсыңдар, балалар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.

Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай, тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

“Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тіл – таусылмайтын байлық.

Тақпақтар:

Бейбарыс

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.

Батыр

Ана тілді білмесең,
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайрандап
Қазақ болып жүрмес ем.

Бекзат

Ана тілім -тірегім
Ана тілім -жүрегім
Қасиетті елімнің,
Тек өзің деп білемін.

Шапағат

Ана тілім- елдігім
Ана тілім -ерлігім
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.

  Аяла
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.

Ән: “Ана тілім”

Би: “Қазақ   биі”

Ойын:  «Оюлар»  (құрастыру)

Мақал-мәтелдер

Жанбота:    Ана тілің алпыс тілге татиды.

Аяла:  Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Төреғали:  Анам берген туған тілім,
                    Атам берген құрал тілім.                                 Адэль:  Тіл қылыштан да өткір.
Дильназ:  Тіл- көңілдің  кілті.
Еркежан:  Тіл-бұлбұл ,сөз-бұлақ.                             Тәрбиеші:

Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан ,
Тілегіміз тыныштық 
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз бәрімізде біргеміз!

Ән:  Ана тілім ардақты

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!

Осымен «Тілді сүю-тал бесіктен» атты тақырыптық іс-әрекетіміз аяқталды.
Көп рақмет!

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *