Менің кәсіби ұстанымым

Аманқұлова Айман Жанабіловна

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішінен қулық сақтап.
Өзіне сен өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

А.Құнанбаев

Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді,әдемі нақылы бар.Ол еліңнің  ертеңі  – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Баланың кішкентай кезіндегі мінез-құлқы, ойлау үрдісі, эмоциясы ересек  өмірдің іргетасы фундаменті болып табылады. Ендеше, сол фундаментті берік  етіп орнатуда тәрбиенің орны бөлек. Баланың ерік-жігері, ақыл-ой, қабілеті. Есі, ой-танымы, дарын мен талантын жас кезінен көре білуде, оларды тек көріп қана қоймай, ары қарай дамытып жетілдіруде, бала

бойындағы қайнап жатқан энергияны қазіргі нарықтық заманда дұрыс, қоғамға пайдасы бар нәрселерге жұмсай білуге бағыттауда  психологтың кәсіби  шеберлігінің  алар орны ерекше деп ойлаймын.

Мені  баланың өзі ,сыртқы сүлдері емес,мінез-құлқы,қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге тырысамын. «Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу – үлкен өнер» – деп З.Фрейд текке айтпаса керек. Менің бүкіл  психологиялық қызметімнің мәні,міне, – осы.

Мен үшін оқушының қызығушылығы, бейім–қабілеті,темпераменті және басқа да психологиялық ерекшеліктері үнемі басты орында тұрады. Мен күнделікті жұмысым арқылы балалардың психологиясын зерделей отырып, олардың жат қылықтың жетегіне ермес үшін алдын алу жұмыстарын жүргіземін.
Зерделеу, зерттеу жұмыстарының нәтижесімен оларды түзетіп, кеңестер беріп, мәдени ақпараттармен жүйелі таныстырып отырамын. Кез келген психологиялық жұмыстар жүргізу барысында мен әр баланың жүрек түпкірінде жатқан сезімдеріне үңілуге тырысамын. Солардың көздеріндегі мұңды сейілтуге, көңілдеріндегі қуаныштарын тарқатуға, оқушымен қасындағы құрбыларындай, бірінің әпкесі, бірінің анасы, бірінің ұстазы, бірінің аралас досындай бола білуге  тырысамын. Төккен тер зая кетпеді.Мен әр оқушының  жүректерінен өзіндік орын  алдым деп есептеймін.
Менің қолданатын әдістерім: әңгіме, тестілеу, тренинг, ойындар, сауалнамалар болды.

Мен өзімнің іс-тәжірибемде   оқушылар арасында жаңа заманға сай жаңа әдіс-тәсілдерді үнемі қолданамын. Сондай әдістердің бірі – «Өнер терапиясы». «Өнер терапиясының» білім сапасына тигізетін әсері мол және керекті психологиялық қызметтер атқарады.
Кедергілерді жою үшін қолданылатын  әдістердің бірі – « Дөңгелек стол».   Бұл сабақ берудің алғашқы сатыларында мұғалім мен оқушылар арасында жағымды психологиялық орта қалыптастыру үшін қолданылады.
Психологиялық жұмыс – адам  жанымен жұмыс, адам ойымен, жеке тұлғамен жұмыс.

Егер баланың жүрегінде сізге деген көңіл толмаушылық пен күмәндылық орын алса,ол бала сіздің көзқарасыңыз бен пікіріңізге ешқашан қосыла алмайды.Баланы менің пікіріме  қосыл деп мәжбүрлеуге болмайды.Ал егер жылы-жылы сөйлеп,ақылмен әрекет жасасаң,бұған оңай қол жеткізуге болады деп  ойлаймын. «Жылы-жылы сөйлесең ,жылан інінен шығады»,- деп данышпан халқымыз текке айтпаса керек.Мен егер баланы өз жағыма тартқым келсе,алдымен оны шын ниеттес дос екендігіме сендіремін.Бала жүрегін жаулап алар бір тамшы бал – жылы сөз.Осы арқылы оның ақыл-ойына жол табамын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *