Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг

Нуржаубаева Гулим Канаткызы

Мақсаты: Өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау.
Міндеттері:
– Қатысушылар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат білуі тиіс.
– Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру.
– Бірлесіп жұмыс жасауда жалпы бағыттарының бір екендіктері туралы түсінік беру.
Қажетті құралдар: фломастер, карандаш, магнит, клей, қайшы, ватман,

сауалнама бланкілері.
Топтың ерекшелігі: жас және жаңадан келген мамандар.

Тренинг бағдарламасы:

  1. Таныстыру. «Шеңбер бойымен ат айту»
  2. Топқа бөліну.
  3. Топтық ереже қабылдау.
  4. Шығармашылық жұмыс. «Визитка дайындау»
  5. . «Кенгуру» ойыны
  6. Сауалнама жүргізу. Сіз қандай мұғалімсіз?
  7. «Жас маманның 15 қателігі» психологиялық кеңес беру
  8. Күн шуағы (Рефлексия)

 

Тренинг ережесі:

  1. Өз ойын ашық айту
  2. Өзгелердің пікірін құрметтеу
  3. Белсенді әрекет ету.
  4. Шынайылық
  5. Топтасып жұмыс жасау.

 

Барысы: Амандасу рәсімі

Психолог: Сәлеметсіздер ме, қымбатты  әріптестер! Бүгінгі болғалы отырған сабақта сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер деген ойдамын. Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын жас мамандармен  жұмыс жасау әлдеқайда жеңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, өмірдегі мақсаттары қандай екендігін білесің. Сондықтан да, біздің бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізді көбірек тануға арнаймыз. Тіпті, егер, сіз таныс болған болсаңыз да, бәрібір де сіз қатысып отырғандардың ішінен біреуін көбірек танисыз, ал енді бірін тіптен білмейсіз.

 

  1. Танысу жаттығуы. Көңілді музыка ойналады. Жаттығуға қатысушылар шеңбер бойынша тұрады. Әрбір қатысушы өзінің есіміне сын есім қосып және бойындағы бір қасиетін айтып шығады. Мысалы: Мен, ақкөңіл, Гүлім -шыдамдымын . Айтып болған соң, кольцодан өтуі керек. Әрі қарай жалғаса береді. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар.
  2. Топқа бөліну. Әр түрлі конфеттер тарату арқылы топқа бөлемін.
  3. Топтық ереже қабылдау.

 

   Алтын ереже:

  1. Өз ойын ашық айту
  2. Өзгелердің пікірін құрметтеу
  3. Белсенді әрекет ету.
  4. Шынайылық
  5. Топтасып жұмыс жасау.

 

  1. Шығармашылық жұмыс. «Визитка» жаттығуы.

Барлық қатысушыларға қағаз, фломастер,қарындаштар пайдалану арқылы визитка дайындау тапсырылады. Онда келесідей мәліметтер болуы керек:

Аты – жөні (толық) _____________________________

  1. Өзің туралы естігің келетін 3 сөз _______________
  2. Менің жетістіктерім__________________________
  3. Маған ыңғайлы, өзімді жайлы сезінетін жер______
  4. Маған ыңғайсыз, өзімді жайсыз сезінетін жер ____
  5. Менің өмірлік ұстанымым_____________________
  6. Таңдаған мамандығымда мені қызықтыратыны ___
  7. Мені алаңдататын жағдайлар __________________
  8. «Кенгуру» ойыны.
    Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).
  9. Сауалнама жүргізу. Сіз қандай мұғалімсіз?
  10. «Жас маманның 15 қателігі» психологиялық кеңес беру.
  11. Материалды бір ырғақпен немесе керісінше тез жылдамдықпен түсіндіру. Тақырыптың маңызды бөліктерін атағанда басын төмен қаратып сөйлеуі.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *