Медиаэтика: медиа саласында жиі кететін қателіктер
Медиаэтика – бұл журналистика мен ақпарат саласында маңызды қағидалар мен стандарттарды сақтауды қамтамасыз ететін ережелер мен нормалар жүйесі. Бұл салада жиі кездесетін қателіктер менің ойымша негізгі үш бағыттарда байқалады.
Ақпараттың дәлдігін сақтамау – медиа саласындағы ең үлкен қателіктердің бірі, себебі ол қоғамда жалған түсініктердің қалыптасуына, сенімнің жоғалуына және тіпті әлеуметтік шиеленістерге әкеліп соғу мүмкін Негізгі мысалдары:
Фейк жаңалықтарды тарату: Жалған немесе расталмаған мәліметтерді хабарлау. Мысалы, жалған дереккөздерге сүйену немесе қауесет негізінде жаңалық жариялау.
Қателіктері бар статистика: тексерілмеген немесе ескірген статистикалық мәліметтерді пайдалану.Мәселені асыра көрсету немесе оның маңыздылығын азайту.
Аударма қателері: Халықаралық жаңалықтарды дұрыс аудармау салдарынан мағынасының бұзылуы. Тездікді дәлдіктен жоғары қою: Ақпаратты жылдам жариялау мақсатында оны толық тексермей, асығыс тарату.
Стереотиптерді тарату және дискриминация – негізгі мысалдары: Белгілі бір ұлт немесе этносты тек негативті сипатта көрсету.
«Барлық…осындай» деген жалпылама пікірлерді қалыптастыруға жол беру.
Гендерлік стереотиптер: әйелдерді немесе ерлерді тек белгілі бір рөлдерде көрсету (мысалы, әйелдерді тек үй шаруасымен байланыстыру).
Гендерлік теңсіздікті күшейтетін риторика немесе визуалдарды қолдану.
Әлеуметтік жағдайға негізделген дискриминация:
Кедей адамдарды немесе белгілі бір әлеуметтік топтарды негативті контексте көрсету.
Артықшылықты топтарды ғана мақтап көрсету.
Жасқа немесе мүгедектікке байланысты дискриминация:
Ересек адамдарды «заманға сай емес» немесе «әлсіз» етіп сипаттау.
Мүгедектігі бар адамдарды қоғамға қатысы жоқ тұлғалар ретінде көрсету. Зиян келтіретін мазмұн түрлері:
1. Жалған ақпарат (фейк жаңалықтар) Фактілерді бұрмалау немесе расталмаған мәліметтерді тарату.
Қоғамды шындықтан алшақтатып, жалған түсінік қалыптастыру.
2. Қорқыныш тудыратын материалдар, дүрбелең немесе үрей шақыру мақсатында мәселелерді асыра көрсету. Табиғи апаттар, аурулар немесе әлеуметтік проблемалар туралы негізсіз үрейлі ақпарат тарату.
3. Өшпенділікке шақыратын контент, белгілі бір этникалық, діни немесе әлеуметтік топтарға қарсы жеккөрушілік тудыру. Нәсілшілдік, ксенофобия немесе гендерлік дискриминацияны қоздыру.
4. Насихат және манипуляция Қоғамдық пікірді белгілі бір мақсатта бұрмалау. Аудиторияны жалған фактілер арқылы басқару.
5. Зиянды кеңестер мен жалған ғылыми мәліметтер. Денсаулыққа немесе қаржыға зиян келтіретін жалған немесе расталмаған ақпарат тарату.
Мысалы, дәрі-дәрмекке байланысты зиянды немесе қауіпті кеңестер.
6. Сенсация үшін мазмұнды бұрмалау. Қарапайым оқиғаларды шектен тыс сенсация ретінде көрсету. Проблемаларды шешімсіз тек негатив тұрғыда көрсету.