Мәтіндегі қате медиа этиканы бұзады

Қазіргі ақпараттық қоғамда медианың рөлі ерекше. Халықтың негізгі дереккөздері саналатын бұқаралық ақпарат құралдары шынайы, объективті және этикалық стандарттарға сай жұмыс істеуі тиіс. Бірақ, өкінішке қарай кейде мәтіндегі қателер медиа этикасына қайшы әрекеттерге жол ашады.
Медиа этика — журналистер мен редакторлар ұстануы тиіс қағидалар жиынтығы. Оның басты талаптары қандай болуы керек екенін қарастыра кетсек. Ең бірінші ол дәлдік. Яғни ақпараттың шындыққа сай келуі. Обективтілік–жеке көзқарастарды емес, фактілерді ұсыну.Жауапкершілік– ақпараттың салдары туралы ойлану.Қоғам мүддесін сақтау–халықтың дұрыс ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету.
Сіздерге мәтінде кеткен қателердің медиа этикаға қалай әсер ететінін мысалдар арқылы түсіндіре кетсем. Мысалы:
○2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде кейбір медиа платформалар жалған статистикаларды таратқан. Мәселен, аурудың таралу деңгейі немесе өлім көрсеткіштері туралы нақты дереккөздерге сүйенбеген мәліметтер қоғамда үрей тудырды. Мұндай қателер медиа этикасын бұзып, халықтың дұрыс ақпарат алу құқығын шектеді.
○Адамның жеке өміріне қол сұғу:
Белгілі бір тұлғаға қатысты қате ақпарат тарату оның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін. Мәселен, қазақстандық белгілі әнші туралы жеке өміріне қатысты жалған мәлімет бір БАҚ-та жарияланып, ол кейін оны жоққа шығаруға мәжбүр болған. Бұл медиа этикасының “жеке өмірді құрметтеу” қағидасын ұстану қажет.
Мәтіндегі қателер, әсіресе, шындыққа жанаспайтын немесе бұрмаланған деректер, медиа беделіне үлкен зиян тигізеді. Бұл мәселенің бірнеше негізгі аспектісін атап өтуге болады:
. Ақпараттың бұрмалануы:
Қате ақпарат қоғамды дұрыс емес шешімдер қабылдауға итермелейді. Мысалы, жалған статистика экономикалық жағдайды бұрыс түсінуге немесе қоғамдық пікірді шатастыруға әкелуі мүмкін.
.Қоғамдық сенімнің төмендеуі:
Бірнеше қателік жіберген медиа қоғам арасында сенімнен айрылады. Бұл тек медианың өзіне ғана емес, жалпы ақпарат саласына деген күмән тудырады.
.Моральдық және заңдық мәселелер:
Қателік жеке тұлғалардың беделіне немесе психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайлар журналистер мен редакторлардың заң алдында жауап беруіне де себеп болады.
Осындай қателердің алдын алу жолдарына тоқталсақ.Мәтіндегі қателіктерді болдырмау үшін медиа келесі шараларды қабылдауы тиіс:
○ Фактчек (фактіні тексеру):
Әрбір ақпарат бірнеше дереккөз арқылы тексерілуі керек. Бұл мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
○ Редакциялық бақылау:
Журналистердің жұмысы кәсіби редакторлар тарапынан мұқият тексерілуі қажет. Бұл мәтіндегі қателердің алдын алады.
○Журналистерді оқыту:
Журналистерді тұрақты түрде этика, заң және технологиялар бойынша оқыту, олардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді.
○ Қателерді мойындау және түзету:
Егер қате жіберілген болса, медиа оны тез арада мойындап, қоғамнан кешірім сұрауы қажет. Бұл қадам медианың жауапкершілігін көрсетеді.
Мәтіндегі қателер тек қана мәтіннің сапасына әсер етпейді, олар бүкіл медиа саласының этикалық негіздерін бұзады. Сондықтан журналистер мен редакторлар ақпаратты мұқият тексеріп, оны қоғамға ұсынбас бұрын сапасын бақылауға ерекше мән беруі тиіс. Медиа — қоғамның айнасы, ал бұл айнаның таза әрі анық болуы — әрбір медиа өкілінің міндеті.
Махаббат Тұрдалы
Журналистика факультеті
“Баспагерлік-редакторлық және
дизайнерлік өнер” кафедрасының
3-курс студенті

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *