Ағайынды ардагерлер ( Ұлы Отан соғысы ардагерлері Боранкулов Оңболсын мен Есетов Бекболсынның тағылымды өмірінің өзектілігі.)

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«БІЛІМДІ ҚАЗАҚСТАН» ЖШС IQ ЖЕКЕМЕНШІК БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ

ОРЫНДАҒАН: 3 «А» СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АБЫЛАЙ САҒЫНЫШ,

ГАЙРАДДИНОВ АРМАН

 

Мақала

Ағайынды ардагерлер

Мен майдан даласында жауына қарсы қару алып, бізге бейбіт өмір сыйлау үшін, жеңіс үшін соғысқан майдангерлерді зерттеудемін. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш. Зұлмат соғыстың бел ортасында, бораған оқ пен оттың арасында Отан үшін қан кешкен аталардың ерлігін зор мақтанышпен айтамын. Сондықтан майдангер ардагерлер жайлы аздап сыр шерткім келеді.

Ағайынды Есетов Бекболсын мен Боранқулов Оңболсын – Ұлы Отан соғысында, қан майданда соғысқан жауынгерлер. Ардагерлеріміздің ұрпақтары аталарымыз жайлы бізге көп әңгіме айтып берді. Айтқан сайын қызыға тыңдаймын, себебі соғыстағы, соғыстан кейінгі өмірі мені қатты қызықтырды. Соғыс басталғанда, ауылдағы ер-азаматтармен бірге 1941 жылы екеуі де алғашқылардың бірі боп аттанған екен. Оңболсын атамыз жайлы деректер аз боп тұр, жан-жақты іздестірудеміз. Ал Бекболсын атамыз Сталинград үшін шайқасып, Берлинді де алуға қатысқан. Отан алдындағы борышын адал атқарған ардагердің «Сталинградты азат еткені үшін» медалін көріп, көз алдыма соғыс туралы кинолар келді. Ардагерлер жайлы деректерді білген сайын оның  ержүрек, батыр болғанына көзім жете түсуде. Бірнеше рет жарақат алса да, жазылған соң, ұрыс даласына қайта кіріп, Отан алындағы борышын адал атқаруды ойлаған Бекболсын атаның қайтпас қайсарлығына тәнті болдым. 1945 жылы соғысты аяқтап, елге оралған соң да ерліктері ескеріліп, 1948 жылы «Кеңес Армиясы мен флотына 30 жыл» медалімен, 1965 жылы «Ұлы Жеңістің 20 жылдығы», 1965 жылы «Ұлы Жеңістің 30 жылдығы», КСРО Қарулы күштерінің 50, 60 жылдығына орай медальдарымен марапатталған. Бұлар – ұрпақтарының үйіндегі ең қастерлі заттар. Оларды көзінің қарашығындай сақтап келеді. Жыл сайын 9 мамырда бұл медаль, ордендер сандықтан шығып, үйдің төріне ілінеді. Фашисттік басқыншыларды ойсырата жеңіп, Жеңіс күнін 79-рет атап өтсек те, бұл күн – біз үшін әлі де ең қастерлі күн. Сол бір бізге бейбіт өмір сыйлаған, миллиондаған адамның қанымен, көз жасымен келген жеңіс пен Отаны үшін жанын пида еткен аталарымыздың ерліктері жылдар өткен сайын асқақтай түсетіндей.

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайтыны» ақиқат болса, аталарымның аты, ерлігі қазақ елінің санасында мәңгі сақталады. Ержүрек аталарымыздың қанымен, жанымен келген жеңістің арқасында бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Сол үшін қазақ тарихында ерліктері алтын әріппен жазылған майдангерлердің есімдерін үнемі еске алып, рухтарына тағзым етеміз. Бұл – біздің, бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы деп білемін.

Біздер үшін жанын қиған,

Бас иеміз жандарға,

Атақ-даңқын жеткіземіз

Ертеңгі атар таңдарға, – деп, Есетов Бекболсын мен Боранқулов Оңболсын аталарым секілді бейбітшілік орнатуға қатысқан барлық майдангерлердің ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қазіргі «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманның» оңай келмегенін әлі талай айтатын боламыз.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *