«Латын әліпбиіне көшу – тарихтан сыр шерту және болашаққа бастар жол»

авторы: Батыргали Шапағат Балтабайқызы

“Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кіруін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам”
Н.Ә.Назарбаев

Қазақ халқы тарихында бірнеше түрлі әліпби болды. Араб әліпбиі, латын әліпбиі және кириллица. Қазіргі таңда қолданыста кириллица, бірақ латын әліпбиін қолданысқа енгізу туралы шешім 2017 жылы қайта көтерілген болатын. Бұл шешімге бірі келіссе, бірі кетіспеуде, әр адамның пікірі әрқилы өрбуде.
Латын әліпбиін қолданғандарға қарағанда, қолдамайтын адам саны көбірек. Алайда, осы адамдар қазақтың көрнекті ақын, жазушы, соның ішінде А.Байтұрсын, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров қолданғандарын біле ме екен? Дәлірек айта кететін болсам, А.Байтұрсын қазақ әліпбиінің реформаторы ретінде танымал болғанымен, латын әліпбиін енгізу туралы пікір-таластарға да қатысқан. Ал, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров латвн әліпбиін қолдап, шығармаларын латвн әліпбиінде жазған. Еске сала кетсем, латын әліпбиі 1929-1940 жылдар аралығында қолданыста болған. Осы аз уақыттың ішінде қазақ тарих сахнасында ойып тұрып орын алған. Біріншіден, біз оқып жүрген шығармалардың түп нұсқасы латын қаріптерімен жазылған: “Қозы-Көрпеш Баян Сұлу” (1935), “Алдар көсе” (1936), “Алыптарды аралағанда” (1934), “А.Құнанбайұлының таңдалмалы өлеңдері” (1939), “Менің құрдастарым” (1939), және т.б. Екіншіден, орыс қаріптерінің жоғалуы. Көбі қазақ қаріптері і,ғ,қ,ұ,ә,ң,ө, жоғалуы мүмкін деп ойлайды. Бұл жерде бәрі керісінше, біздің қаріптер емес, орыс қаріптері қооданыстан шығады. Үшіншіден, латын әліпбиін ұстанатын елдердің тілі танымалдылыққа ие болуы. Қазіргі таңда қызығушылық кириллициға емес, латын әліпбиіне көбейтіп жатқан бәріміз білеміз. Тіпті медицина саласында да көптеген дәрілер, ауру аттары латын тілінде, қаріптерінде жүреді. Латын әліпбиін енгізу білімге ұмтылған жастарға да пайдасын тигізер еді. Біз осы арқылы өз тілімізді дамытып қана қоймай, бай екенінде паш етер едік. Дамыған елдермен тереземіз тең тұруға үлкен мүмкіндік.
Қортындылай келе, қазақ халқын кириллицадан латын әлпібиіне көшіру өз еліміздің дамуына тағы да бір үлес қосар едік. Латын әліпбиі жас ұрпақтың әлемдік білім кеңістігіне пшар жолы. Латын әліпбиіне оралу елімізді, тілімізді дамытуға жақсы мүмкіндік. Қазақ тіліміздің барша әлемге танымал болуына ықпал етеді. Бұл жаңа заман – жаңа қарқын.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Вам может также понравиться...

комментария 2

  1. sabinka:

    👍🏻👍🏻👍🏻

  2. sabinka:

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *