Назгүл Қожабекқызы “Медиа этика” пәні аясында
Назгүл Қожабек — Қазақстандағы танымал журналистика саласының маманы, медиа зерттеушісі. Ол медиа этика, ақпараттық қоғам, журналистика теориясы мен практикасы мәселелерімен айналысқан. Журналистикадағы этикалық принциптерді зерттеу арқылы қоғамдағы медиа құралдарының дұрыс бағытта жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды еңбектер жазды. Назгүл ханым журналистика саласындағы жаңа этикалық нормаларды, сондай-ақ журналистің моральдық жауапкершілігін терең зерттеген авторлардың бірі болды. Оның еңбектері мен зерттеулері кәсіби журналистердің жауапкершілігін арттырып, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастырудың маңыздылығын көрсетеді.
Назгүл Қожабектің медиа этика туралы кітабы журналистика саласының болашақ мамандарына, зерттеушілеріне, бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін адамдарға арналған оқу құралы. Кітапта медиа этика және журналистикадағы этикалық нормалар терең әрі жан-жақты қарастырылған. Журналистикадағы этикалық мәселелерді талқылай отырып, әрбір журналистің өз қызметінде жоғары моральдық стандарттарды сақтау қажеттігін ерекше атап өтеді.
Кітапта медиа этиканың негіздері, оның қоғамдағы рөлі, журналистің ақпаратты таратудағы жауапкершілігі, деректердің шынайылығы мен нақтылығы, ақпараттық манипуляциялардың зияны туралы айтылады. Автор журналистің халық алдындағы міндеттерін анықтап, ақпаратты жеткізу барысында дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Журналистика — тек ақпарат беру емес, елді дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету, адастыру мен жалған мәліметтерден сақтандыру деген пікірді ұстанады.
Медиа этика кітабында нақты мысалдар мен зерттеулер келтірілген, олар журналистердің қиындықтарға тап болған сәттерін ашады. Әсіресе журналистік этиканың бұзылуы кезіндегі келеңсіз жайттар— қоғамдағы сенімсіздік пен ақпараттық апаттардың туындауы туралы айтылады. Назгүл мәліметтің объективтілігі мен дәлдігін сақтауды, фейк жаңалықтар мен манипуляцияларға жол бермеуді сұрайды.
Қазіргі жаңалықтар жайлаған заманда медиа этика ерекше маңызды. Ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілердің дамуы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын күшейтті. Болған оқиғалардың тез таралуы, әсіресе шынайы емес ақпараттардың кеңінен таралуы қоғамға айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл жағдайда медиа этика — журналистиканың негізгі тірегі болады. Ақпараттың дұрыс әрі әділ берілуі мен нақтылығы — медиа этиканың басты принциптері . Журналистер мәлімметтің жалған нұсқасын таратудан сақтануы керек, өйткені бұл қоғамдағы тыныштыққа яғни бейбітшілікке қатер төндіреді.
Сонымен қатар, медиа этика журналистік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындайды. Әрбір журналист өз жұмысын кәсіби тұрғыдан орындап қана қоймай, моральдық және этикалық нормаларға сай жүргізуі тиіс. Қоғамдағы түрлі әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелерге қатысты ақпарат тарату барысында журналистің жеке адалдығы ерекше маңызды.
Бүгінде медиа этика жалған ақпаратпен күресуде маңызды құрал. Әлеуметтік желілер мен интернет алаңдарындағы фейк жаңалықтар, манипуляциялар мен артықшылықтарды қолдану жиі кездесіп отыр. Бұл медиа алаңдарында кәсіби деңгейде жұмыс істейтін журналистер мен редакторлардың этикалық жауапкершілігі артып келеді. Олар ақпараттың шынайылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін барынша күш салуы керек. Бұл жағдайларда медиа этика журналистердің өз қызметінде нық тұруына, қоғамның дұрыс мағлұмат алуына ықпал етеді.
Медиа этика бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық тұрақтылыққа ықпал ететін маңызды механизмі. Шулы қоғамда өмір сүріп отырған біз үшін әрбір жарияланған ақпараттың мәні үлкен. Жалған мәліметтер мен манипуляциялар қоғамның сенімін жояды, ал дұрыс әрі әділ жарияланған мәлімет адамдардың дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Әсіресе дағдарыс кезеңдерінде медиа этика бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттырады. Бұл кезде журналистер қоғамға дұрыс әрі шынайы мағлұмат беру арқылы бейберекетсіздіктің алдын алуға үлес қосады.
Назгүл Қожабектің медиа этика туралы кітабы журналистика саласындағы кәсіби деңгейді арттыруға, журналистердің моральдық және этикалық жауапкершілігін түсндірді. . Ақпараттың объективтілігі мен шынайылығын сақтау, манипуляцияларға жол бермеу медиаэтика принциптерінің негізінде жатыр. Осылайша, медиа этика бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, а саладағы жалпыға бірдей жаңалықтың сапаны жақсартады.
Махаббат Тұрдалы
Журналистика факультеті “Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер” кафедрасының 3-курс студенті.