заманға сай оқыту

Костанай облысы Арқалық қаласы

Ержанқызы Нұрила

Баяндама тақырыбы:

Заман талабына сай оқыту жолдары

Уақыт керуені алға жылжыған  сайын білім саласында  түбегейлі өзгерістер орын алуда. Тәуелсіз еліміздің тағдыры білімді, саналы , бәсекеге қабілетті ұрпақтың қолында екендігі даусыз. Осы мақсатта ұстаздар қауымы жаңашылдықтың тізгінін ұстап, заман талабына орай  өскелең ұрпаққа білім беруде.

Табысты болудың ең іргелі факторы білім екендігін баршамыз тереңінен түсінеміз. Ұлттық құндылықтар жүйесі дегенде білімді бәрінен жоғары қоятын ұлт қана табысқа жетеді.Бүгінгі ұрпақ, болашақ маман  Қазақстан Республикасы Білім туралы заңының 8- бабында көрсетілген міндеттер бойынша:  «Ұлттық  және жалпы адамзаттық  құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек». Олай болса, ұстаздар қауымы осы аталған міндетті негізге ала отырып, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына үлес қоса алады. Сондықтан ұстаздар қауымына бүгінгі күні үлкен талап қойылып отыр.

Бүгінгі күні жаңартылған  білім берудің маңыздылығы құнды екендігі даусыз. Ең алғаш жаңартылған білім беру негізінде сабақ бере бастағанымызда мойындамағанымыз да рас.  Себебі, бұл процесті түсінбедік. Кез- келген бастаманың кедергісі болатыны анық.Осы кедергіні біз жаңартылған білім беру негізінде біліктілік курсынан өту арқылы    шештік. Өскелең ұрпақты сыни тұрғыдан ойласа білуге, зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге, тәжірибе жасауға, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға, ең бастысы функционалды сауаттылықты дамытуда маңызды екендігін , қолайлы, тиімді екендігін өз тәжірибеміз арқылы жете түсіндік.

Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ өткізе жүріп, заман талабына орай тиімділікке қол жеткіздім.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде қаза тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім беруде әр ұстазға ең алдымен үлкен ізденіс пен жауапкершілік керек.Себебі, нақты мақсатқа жету үшін  оқу мақсаттарын тиімді таңдап алу керек. Тиімді таңдалған оқу мақсатынан ойлау дағдыларының деңгейлері анықталады. Яғни, ойлау дағдыларының деңгейі бойынша біз оқушыны өзіміз көздеген деңгейге жеткіземіз.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша:

– Түсіну және жауап беру;

– Анализ және интерпретация;

– Бағалау және салыстыру

сияқты үш оқу мақсаты берілген. Әр оқу мақсатының оқыту жоспарында бөлімдері бар. Осы үш оқу мақсатын әр сабағымызда тиімді таңдай білсек,  соған орай ойлау дағдыларының деңгейін қалыптастырсақ , онда біз заман талабына орай діттеген межеге жетеміз. Демек, оқушыны  сыни тұрғыдан ойласа алатын, бәсекеге қабілетті, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға дәрежесіне жеткіземіз.

Осы берілген үш  оқу мақсатын жүзеге асыру үшін қазақ әдебиеті пәні бойынша тиімді, оңтайлы әдіс- тәсілдерді өз тәжірибемізге енгізуіміз шарт.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша жаңартылған білім беру негізінде тиімді әдіс- тәсілдер менің де жұмыс жүйемде орын алды.

Балаға білім беруші әр ұстаз өз шәкіртінің көздеген межеге жеткенін қалайды.Қазақ әдебиеті пәні бойынша «Түсіну және жауап беру» «Анализ және интерпретация» ,«Бағалау және салыстыру» оқу мақсатттарының тиімділігі өте жоғары. Бұл оқу мақсаттары бойынша оқушының ойлау деңгейінің дағдысы да Блум тақсономиясының жоғары сатысына көтеріледі. «Түсіну және жауап беру», «Анализ және интерпретация» , «Бағалау және салыстыру» оқу мақсаттары әр сыныпта бірнеше  бөлімдерден тұрады. Бүгінгі баяндамада мен 6-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен  «Тәуелсіздік –қасиет тұнған  ұлы ұғым » бөлімі бойынша Расул Гамзатовтың «Менің Дағыстаным» шығармасын оқытуда қолданған әдіс- тәсілдеріммен бөліспекшімін.

6- сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдеріне сәйкес  «Түсіну және жауап беру», «Анализ және интерпретация» , «Бағалау және салыстыру» оқу мақсаттары бірнеше бөлімдерден тұрғандықтан, оқу мақсаттарына сай бөлімдерін таңдап аламыз.

Жалпы таңдап алынған әр оқу мақсаты тиімді құрастырылған тапсырма мен жетістік критерийінен құралады. Таңдалынған оқу мақсатына жету үшін тапсырма дұрыс құралуы шарт.Тапсырманы тиімді құрау үшін жаңаша әдіс- тәсілдерге жүгінуіміз керек.

Оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін төмендегідей әдіс- тәсілдерді қазақ әдебиеті сабағында қолданған тиімді.

– маркерленген тізім

-ромбтық жіктелім

-себеп- салдарлық диаграмма

-SWOT  әдісі

– ойлан-жұптас- бөліс

– венн диаграммасы

– жабық және ашық тапсырмалар

6- сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша «Түсіну және жауап беру» оқу мақсатын таңдағанда мен  «6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру»  бөлімін таңдап алдым. Себебі, бұл шығарманың өскелең ұрпаққа берер ойы тереңде. Демек, әр оқушы шығарманың идеясын түсіне білу керек. Осы мақсатты жүзеге асыруда мен  жоғарыда атап көрсетілген әдіс- тәсілдердің ішінен «Маркерленген тізім», «Себеп – салдарлық диаграмма», «Ромбтық жіктелім» тәсілдерін таңдап алдым. Себебі, оқу мақсаты бойынша барлық оқушы шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алуы керек.

Сыныпты үш топқа бөліп, сол үш топқа үш түрлі тапсырма беремін.

  • Топ. «Маркерленген тізім» әдісі бойынша шығарманының идеясын, мазмұнын тізіп жазады.
  • Топ. «Себеп –салдарлық диагррамма» әдісі бойынша «Анасының ұлын өлдіге санауы дұрыс па?» деген ойды дәлелдейді.
  • Топ. «Ромбтық жіктелім» әдісі бойынша шығармадағы әлеуметтік –қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді, талдайды.

«Анализ және интерпретация» оқу мақсаты бойынша «6.2.4.1. әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат  көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу» бөлімін таңдап алдым. Бұл оқу мақсаты бойынша оқушылардың көпшілігі шығарманың желісі бойынша көркемдегіш құралдарды тауып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын,  кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.

  • Топ. Табиғат көрінісін
  • Топ. Оқиға орнын.
  • Топ. Кейіпкер бейнесін

Сипаттап жазулары керек. Бұл тұста мен «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін таңдап алдым. Себебі, бұл әдіс оқушының жеке, жұптық, топтық жұмыс жасау қабілетін арттырып, өзіндік ой қорытуларына негіз болады.

«Бағалау және салыстыру» оқу мақсаты бойынша  «6.3.3.1. Шығармадағы кейіпкерлер қарым- қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу» бөлімін таңдап аламын. Себебі, шығармадағы басты құндылықтың өзі ана тілді құрметеуден шығады. Анасы өз тілін ұмытқан баласын өлдіге санайды. Отбасылық құндылық ұлттық құндылықпен санасып жатыр.  «Бағалау және салыстыру» оқу мақсатында ойлау дағдыларының ең жоғарғы дейгейі қалыптасады. Яғни , оқушы талдау жасап, эссе жаза алады. Оқушының ойы өмірмен сабақтасуы керек.

Әдебиетіміздің ұлттық құндылығын арттыруда, оқушының ойлау деңгейін төменгі сатыдан жоғарғы сатыға көтеруде оқу мақсаттарын тиімді таңдап алуымыз керек. Сол оқу мақсатына жету үшін тапсырмаларды тиімді құрастыруымыз керек. Ұлт ұстазы Ахмет «Әдіс –керекшіліктен шығатын нәрсе» деген екен. Заман талабына ілесу көшінде өзімізге керекті әдістерді тиімді қолдана білуіміз біз үшін маңызды. Өскелең ұрпаққа білім беруде үлкен жауапкершілікті әр ұстаз сезіне білуіә керек.Сонда ғана нәтижелі жұмысқа қол жеткіземіз.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *