Ұлы Жібек жолы халықаралық кітап көрмесіндегі баспалар: Ұлттық мәдениет пен білімнің дамуындағы рөлі

      Кітап – адамзат мәдениеті мен білімінің ажырамас бөлігі. Кітап басу ісі өркениеттің дамуымен тығыз байланысты және болашақ ұрпаққа жеткізуде маңызды міндет атқарады. 2024 жылғы 20 қарашада өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық кітап көрмесі бұл саладағы жаңашылдықтарды көрсетуге, дәріптеуге бағытталған. Бұл мақалада көрмеге қатысқан жетекші баспалардың қызметі мен ерекшеліктерін одан әрмен жаңғыртудағы рөлі ғылыми тұрғыдан бағаланды. 

     Кітап көрмелері оқырмандар мен баспалар арасындағы байланысты нығайтып, әдеби және мәдени жаңалықтарды таныстыру алаңы болды. «Ұлы Жібек жолы» көрмесі Қазақстандағы баспа ісі мен кітап нарығының дамуына ерекше әсер етіп, әдебиетті әлемдік деңгейге көтеру жолында маңызды қадамдар жасады. 

       Көрме барысында Marfu Press, Astanakitap және т.б отандық баспалардың өнімдері ұсынылды. Одан бөлек кітап дүкендеріде көрмеге белсенді ат салысты. Мысалы: Kitapal, Jana bala т.б. Шетелдік баспалардағы заманауи технологияларды қолдану арқылы жаңа оқырман аудиториясын қалыптастыру сияқты бірнеше бағытты қамтиды.

    Marfu Press баспа саласында жүйелі түрде еңбек етіп келеді. Бұл баспа «Жаңғырық» сериясы арқылы тарихи бағалы шығармаларды заманауи дизайнмен қайта басып шығарып осы арқылы оқырмандардың назарын аударады. Мысалы: Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» және Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітаптарының қайта басылуы руханиятқа деген құрметті көрсетеді.

      Сонымен қатар, баспа балалар әдебиетіне ерекше назар аударып, сапалы иллюстрациялармен жабдықталған кітаптар шығаруда. Бұл шығармашылық үрдіс жасанды интеллект технологияларынан бас тартып, авторлық қолтаңбаны сақтау арқылы жүзеге асырылады.

      Astanakitap баспасы оқу-әдістемелік әдебиеттерді жоғары сапада дайындап, білім беру саласында жаңа жобаларды іске асыруымен ерекшеленеді. Баспа “Smart кітапхана” жобасы аясында жаратылыстану бағытындағы оқулықтарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеп, жаңашыл кітаптармен қамтуға көңіл бөлді. Баспа сапалы аударма әдебиеттерін шығару бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл баспа оқырмандар арасында танымал болған фантастикалық жанрдағы шығармалар мен заманауи әдебиеттерді ұсынды.

     Jana Bala.kz дүкен: Балаларға арналған ойыншық кітаптар шығаруда. Заманауи технологиялармен жабдықталған ойыншық кітаптар арқылы балалар ұлттық аспаптар мен ертегілер әлемімен танысып, қазақтың бай мәдениетін меңгере алады. Ерекше форматтағы кітаптар қазақ әдебиетінің жаңа кезеңіне айналды. Бұл жоба тек тәрбиелік құрал ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тиімді әдіс ретінде бағаланады.

    «Ұлы Жібек жолы» халықаралық кітап көрмесі баспа ісінің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болды. Көрмеге қатысқан баспалар мен жобалар әдебиеттің әлемдік деңгейге көтерілуіне және заманауи оқырманның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бастамаларымен ерекшеленді.

    Marfu Press, Astanakitap Almatykitap, Дәуір, Атамұра және Kitapal, Jana Bala.kz баспалар мен дүкендер желісі болашақ ұрпаққа кітап мұрасын жеткізудің жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай бастамалар Қазақстанның білім беру, мәдениет және әдебиет саласындағы жетістіктерін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Махаббат Тұрдалы 

Журналистика факультеті “Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының” 3-курс студенті (дұрыс нұсқасы)

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *