Кәсіпкерлікті дамытуға не кедергі?

Қазақстан экономикасында кәсіпкерлік ерекше рөл
атқарады, себебі ол елдің экономикалық дамуын
жылдамдатып, жұмыс орындарын көбейтеді және
инновацияларды қолдайды. Алайда, кәсіпкерлікті
дамыту жолында бірқатар қиындықтар мен кедергілер
бар.кәсіпкелік

Кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері:
Кәсіпкерліктің көптеген артықшылықтары бар.
Біріншіден, ол жаңа жұмыс орындарын құруға
мүмкіндік береді, бұл елдегі жұмыссыздық деңгейін
төмендетеді. Екіншіден, кәсіпкерлер экономиканың
әртүрлі салаларына инновациялар енгізеді, бұл
нарықтың дамуына ықпал етеді. Үшіншіден, жеке
кәсіпкерлік адамның тәуелсіздігін арттырып, өз ісін
жүргізуде еркіндік береді.
Алайда, кемшіліктер де жоқ емес. Кәсіпкерлер жиі
қаржылық тәуекелдерге барады, әсіресе экономикалық
тұрақсыздық кезінде бизнесін жоғалту қаупі жоғары.
Тұрақсыз табыс, үлкен уақыт шығыны, және заңдық
кедергілер кәсіпкерлікті күрделі салаға айналдырады.
Сондай-ақ, Қазақстанда кәсіпкерлік инфрақұрылым әлі
де толықтай дамымаған, бұл бизнестің табыстылығын
төмендетуі мүмкін.
Қазақстандағы кәсіпкерлік статистикасы:
Қазақстанда кәсіпкерлік саласы шағын және орта
бизнес субъектілерінің басымдығымен сипатталады.
2024 жылғы мәліметтерге сәйкес, елде тіркелген
кәсіпорындардың 91,9%-ы шағын және орта
кәсіпкерлікке тиесілі. Бұл көрсеткіш кәсіпкерліктің ел
экономикасында үлкен маңызға ие екенін көрсетеді.
Алайда, кәсіпкерлердің үлесі жалпы халықтың тек 7-
10%-ын құрайды, бұл кәсіпкерлікке қатысты кейбір
кедергілердің бар екенін растайды.
статистика

Дерек көзі: Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы
2023-жылы Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны көбейді:
статистика 2

Кәсіпкерлікке қатысты заңдар:
Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін бірқатар
заңнамалық актілер мен мемлекеттік бағдарламалар
қабылданған. Мысалы, «Кәсіпкерлік Кодексі»
кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды және бизнесті
дамытудағы мемлекеттік қолдау шараларын
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, «Бизнеске арналған
үкімет» платформасы бизнес жүргізуді жеңілдету
мақсатында құрылды. Дегенмен, бұл заңдардың
толықтай тиімді жұмыс істеуі әлі де кейбір аймақтарда
қиындық туғызады.
Кәсіппен айналысуды жоспарлап жүрген адамдар
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіндегі
заңдарды білуі қажет. Ол заңдарды Kodeksy-kz.com
немесе adilet.zan.kz сайттарынан біле аласыз.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту жолдары:
Ләззат Жанмолдаева, экономист:
Біз қанша дегенмен сырттан келетін өнімдерге тәуелді
елміз. Логистика. Бұрын сырттан келіп тұрған бүкіл
қалыптасқан жолдарымыздың бәрі жабылды.
Сондықтан, жаңа жолдарды тапқанша біраз уақыт
кетеді, ол қымбатқа шығуы мүмкін. Ең бастысы,
еліміздің ішінде өзіміздің кәсіпкерлікті дамытып, соған
қолдау жасауымыз керек. Яғни, бизнес деген
экономиканың қозғаушы күші ғой.
Qazaqstan ұлттық телеарнасы сайтында Ләззат
Жанмолдаева кәсіпкерлік қолдаудың маңыздылығын
атап өтті. Ол инфляция және логистика мәселелері
аясында ұлттық өндірісті дамытудың қажеттілігі
туралы пікір білдірді. Басқа сарапшылар да
экономикалық қиындықтар мен басқару
жауапкершілігіне қатысты ойларымен бөлісті
Кәсіпкерлікті дамыту үшін төмендегі шараларды
жүзеге асыру ұсынылады:
1. Қаржылық қолдау көрсету: Мемлекеттік және
жеке қорлар арқылы шағын және орта бизнеске
жеңілдетілген несиелер мен гранттар беру.
2. Кәсіпкерлік білім беру: Жастар мен болашақ
кәсіпкерлер үшін оқыту бағдарламаларын кеңейту
және тәжірибелік семинарлар өткізу.
3. Бюрократияны азайту: Бизнес тіркеу және
жүргізу үдерістерін жеңілдету үшін сандық
технологияларды кеңінен енгізу.
4. Инфрақұрылымды жақсарту: Кәсіпкерлерге
қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру үшін
логистикалық және цифрлық инфрақұрылымды
дамыту.
Қорытынды:
Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту ел экономикасының
болашағы үшін өте маңызды. Жоғарыда айтылған
кедергілерді жою және мемлекеттік қолдау шараларын
күшейту арқылы елдегі кәсіпкерлік саласын жаңа
деңгейге көтеруге болады. Бұл өз кезегінде елдің
жалпы экономикалық жағдайын жақсартуға және
халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы. Шағын
және орта кәсіпкерлік деректері. stat.gov.kz
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі.
Бизнес жүргізу туралы заңдар.
3. Adilet.zan.kz
4. Naryk.kz
5. Qazaqstan.tv

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *