Көп қарғаның арасында,ақ қарға
Көп қарғаның ішіндегі ақ қарға
Әр заманда елдің тарихы мен мәдениетін жаңғыртатын, ұлттың бай мұрасын келешек ұрпаққа жеткізе білетін алып тұлғалар болады. Кеңес заманында ондай адамдар аз болған жоқ. Солардың бірі әрі бірегейі – көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі этнограф Өзбекәлі Жәнібеков
Ол атақ-абыройды қуған жоқ. Кеңестік идеологияға қарамастан, Алаш зиялыларының ақталуына атсалысты. Елдің Наурыз мейрамымен қайта қауышуына үлес қосты. Тайқазанды қайтарып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына бастамашы болды. Музей ашты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты
Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы 28 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданының Сарықамыс ауылында дүниеге келген.
Оның балалық шағы қиындыққа толы болды. Әкесінен ерте айырылды. Соған қарамастан, барлық қиындыққа төтеп беріп, соғыстан кейінгі ауыр жағдайға мойыған жоқ. Жастайынан қара жұмысқа араласты. Отын шапты, шөп жинады, су тасыды, мал бақты. Аурушаң анасына барынша көмектесуге тырысты.
8 жасында анасынан айырылды. Жетімдіктің қамытын ерте киіп, тағдырдан әбден теперіш көрді. Соған қарамастан, білімін шыңдап, Абай атындағы Қазақ педагогика институтына түседі. Бірақ жоқшылықтың салдары сезілді. Ауылынан Алматыға шыққанда жолына ақша таппай қиналды. Ал қалаға барғаннан кейін күндіз сабақ оқып, кешке қара жұмыс істеді. Вагондардан жүк түсірген кездері аз емес.
1988 жылы Қазақстан алғаш рет Наурыз мерекесін ресми атап өтті. Түрлі естеліктерге қарағанда, бұрын тыйым салынған мерекені қалпына келтіру жөніндегі қоғамдық бастамаларды алғаш рет Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков қолдаған.
Совет одағы дәуірінде түрлі деңгейде басшылықта болған, Қазақстан комсомолын басқарған, кейін мәдениет саласында басшылық қызмет атқарған Өзбекәлі Жәнібековті еске алушы замандастарының бірі «Өзбекәлі Жәнібеков 1960 жылдардан-ақ Мәскеудің назарына ілікті. Бірақ Қазақстанда бәсекелестер пайда болып, ұдайы кедергі келтіруге тырысты. Оны Қонаев шебер пайдаланды»,-дейді. Өзбекәлі Жәнібеков өз естелігінде «Назарбаевты тезірек ысыла түссін деген ниетпен одақтық жиындарда қатыстырып,үлкен мінберлерденден сөйлетіп, өзімен бірге алып жүргенін» айтады. Ол 60 жасқа толған соң, жоғары билікке араласпады.
ЖӘНІБЕКОВ ЖӘНЕ «НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІ
Кейбір деректерде Наурыз мерекесі жайлы қоғамдық бастамаларға Өзбекәлі Жәнібековтің өзі түрткі болғаны айтылады. Жоғары билікте ұзақ жыл қызмет еткен Өзбекәлі Жәнібеков естеліктерде «басшылық қызметте жүріп Қазақстан мәдениетін дамытуға ерекше еңбек сіңірген тұлға» ретінде сипатталады.
Шерхан Мұртаза Өзбекәлі жайлы кітап жазу керек дейді
Гүлдер ансамбльне көйлек тігеді
54 жыл салып, 1989 жылдың 18 қыркүйегінде Тайқазан тарихи отанына қайта оралды. Бұның бәрі – Өзбекәлі Жәнібековтің жанқиярлық еңбегі.
Ал Арыстан баб кесенесінің жұма мешітін қалпына келтіруге кіріскенде Мәскеу рұқсат бермеді. Содан Өзбекәлі Жәнібеков айлаға көшіп, Отырардың суландыру жүйесінің экспозициясын жасаймыз деп, кезінде құлатылған мешітті қалпына келтірді.
Оның бастамасымен Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатымен “Арқас” қоғамы құрылды.
Өзаға қызметте өте талапшыл болды. Руға бөлінгенді жек көрді. Халық арасында беделі жоғары болды. Төрт айдай мәдениет министрі қызметін атқарды. Бірақ осы уақыттың ішінде біраз шаруа тындырды.
Қазақтың Өзағасы 67 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Оның жерленген жерінде кесене тұрғызылды. Биыл Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толып отыр.