TIK TOK ЖЕЛІСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Бүгінде әлем назарындағы ең танымал әлеуметтік желінің бірі- TIK TOK. Бұл тіркесті білмейтін жан жоқ шығар сірә?! Ол жерде қызықты видеолар көріп қана қоймай, пайдалы ақпараттар алып, табыс тауып отырғандар қанша ма? Бүгінгі мақаламыда еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін өзіне телміртіп қойған ТИК ТОК-тың да өз тарихы бар екен.

«Тик Токты кім ойлап тапты ?» – бұл танымал әлеуметтік желінің шығу тарихына қызығушылық танытатын қолданушылардың жиі қоятын сұрағы десек артық айтапаймыз. Tik Tok — 15,20,30,60 секундтық қысқа музыкалық видеороликтерді жасауға арналған қолданба. Тіркелушілер саны 600 миллион адамнан асады. 2012 жылы құрылған ByteDance компаниясының экс директоры 38 жастағы Чжан Йимин негізін қалаған. Ал 2018 жылдың соңында ByteDance компаниясы TIKTOK құрылғысының арқасында ең құнды жаһандық стартап ретінде танылды.

Чжан Йимин, 38 жастағы кәсіпкер.
Ол баспасөз алдына жиі шыға бермейді -тек Instagram парақшасында жарияланған фотосуреттерге қарап ол туралы ақпарат алуға болады. Чжан 2005 жылы Нанкай университетін бітірді, онда ол алдымен микроэлектрониканы, содан кейін компьютерлік бағдарламалау саласын оқыды.

Қазір Тик Токтың негізін салушы кәсіпкер, капиталы 16 миллиард доллардан асатын әлемдегі ең бай адамдардың бірі болып саналады. Бизнесмен Forbes тізімінде 70-ші орынға ие болса, ал 2018 жылы Қытайдың ауқатты адамдар тізімінде 25-ші орында тұрды. 2017 жылы ByteDance халықаралық нарыққа шығып, Douyin-нің шетелдік нұсқасы TikTok-ты ұсынды. Бұл платформа қысқа уақыт ішінде АҚШ, Еуропа және басқа да аймақтарда үлкен аудитория жинады.

Чжан өз авторлық жұмысының әлемдік арена негізінде дамытқысы келеді. Ол ByteDance «Google сияқты қолдану аясы шексіз компанияға» айналады деп сенеді. Болашақта ТИК ТОК желісі қауіпсіздік, контенттің сапасы және кибербуллинг мәселелерін шешуді жоспарлайды.
“Біз көп жұмыс істеп, перфекционист болуымыз қажет. Индустриалды дәуірде, ақпарат ғасырында, Қытайлық кәсіпкерлер халықаралық нарыққа шыққан сайын өз мүмкіндіктерін арттыруы керек”- дейді табысты кәсіпкер.

Осындай өнертабыс авторларының еңбегін бағалай отырып, біз әлемде адамға берілген мүмкіндіктердің шектеусіз екеніне тағы бір мәрте көз жеткіземіз.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *