Ағылшын тілін меңгерудің жастар үшін маңызы.

ФИО: Камаш Асем Жасұланқызы
Универ атауы: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеты.
Оқытушы : Отаншиева Малика Толғандиевна

« Жеті түрлі ілім іл, жеті түрлі білім біл » деп қазақ атамыз айтқандай тіл меңгерудің қазіргі ,жахандану заманында жастар үшін маңызы өте зор екендігі айтпаса да анық . Әр түрлі тіл білу өзім қатарлы жастардың келешектегі көкжиек шеңберін кеңейтетіні анық.
Ағылшын тілі бүкіл дүние жүзіндегі ең маңызды тілдердің бірі. Оны игеру біздің өмірімізге жақсы жағынан көптеген өзгерістер әкеледі . Болашақ жастардың қолында деген сөзді аға ,апайларымыздан көп естиміз. Сол болашақты жарқын етудің бір құралы осы тілді игеру деп ойлаймын. Бірақ осы сөздердің байыбына кейбір жастар бара бермейді. « Мен жастарға сенемін !» деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне , дамып, жарқырауына әрбір жас өз үлесін қосып, алдына мақсат қойып , соған жетудің амалын қарастырса алынбайтын қамал жоқ деп білемін. Сол қамалдарды алудың құралы , амалы ретінде осы тіл игеру .
Мектеп жасында балалықпен тілдің қажеттігін жете түсінбеппін. АЛ қазір болса тілдің сенің өміріңдегі маңызды құрал, айла амал екеніне көзім жетіп отыр. Қазір ғылыми техниканың заманы болғандықтан , барлық жұмыс компьютермен, интернетпен, түрлі сайттармен жүргізіледі. Ал олардың барлығы ағылшын тілінде.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үнді-еуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалып , қазір сабақтар ағылшын тілінде өткізіледі .. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілген..
Ағылшын тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас тіліне үйретуде студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдылану керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сабақ бір сарында өтпеу үшін студенттердің қызығушылығын арттыратын сабақ арасындағы топқа бөлініп белгілі бір мәселені талқылау,өз ойларын айту, сол мәселе бойынша диалог құрастыру жұмыс түрлері үлкен роль атқарады.
Қорытындылай келе ағылшын тілін игерудің маңызды екенін айтқым келеді . Өйткені ол халықаралық қатынас тілі . Сондай ақ ағылшын тілін оқу біздің алдымызға көптеген мүмкіндіктерді ашатындығы айтпаса да белгілі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/428858-lemdegi-e-tanymal-10-til-any-taldy
2. Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары. kenester.kz//
3. http://ru.wikipedia.org/?oldid=68856002
4. http://engblog.ru/importance-of-english

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *