ОҚЫТУДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Инновация — (латынның «innovation» сөзінен — жаңашылдық, өзгеріс, жаңарту) жүйені бір күйден екінші күйге өзгертуге әкелетін жаңа элементтерді енгізу ортасына мақсатты өзгеріс енгізе отырып, жаңасын жасау, игеру, пайдалану және тарату жөніндегі қызмет.

Педагогикалық инновация — бұл жаңа білім беру тәжірибесін құрумен байланысты даму процестерін зерттейтін ғылыми білімнің ерекше саласы.

Технология – бұл қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер  жиынтығы (түсіндірме сөздік). Бұл педагогтың қызметіне қатысты барлық іс-әрекеттер белгілі реттілікпен және тұтастылықпен ұсынылатын құрылымы, ал оны орындау қажетті нәтижеге жетуді тұспалдайды және болжамды сипатқа ие. Жүздеген білім беру технологиялары бар. Жаңа психологиялық-педагогикалық технологиялардың пайда болу себептері: 1) білім алушылардың психофизиологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін тереңнен ескеру және қолдану қажеттілігі; 2) білім берудің тиімділігі төмен вербалды (ауызекі) тәсілін жүйелі-қызметтік тәсілге алмастыру қажеттілігін түсіну; 3) оқу үдерісін, оқудың кепілдемелі нәтижелерін қамтамасыз етуші әрекеттестігінің ұйымдастырушылық нысандарын жобалау мүмкіндігі[1].

Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың негізгі мақсаты: біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру. Бұл турасында Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осыған сәйкес сабақ үдерісінде жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу, жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін, өздігінен дамуға ұмтылатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру- бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер – білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді[2].

Бүгінгі күн-білім беру мазмұнына, білім алушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезеңі. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Заманауи мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыларға білім негіздерін беру ғана емес, басты мақсат оқушыларды дамыта отырып интеллектуалды, жоғары құзыретті, жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты оқушыларды қалыптастыруда білім беру жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда.

Білім берудегі кәсіби іскерліктің жаңа түрі – инновациялық білім беру. Ендеше қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі — оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.   Яғни, сабақта біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.  Оқыту үрдiсiнде иновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану мұғалім мен оқушы қарым — қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс — әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге әкелетіні белгілі. Сондықтан инновациялық технологияларды сабақ үдерісінде тиімді қолдану  білім сапасын тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, пән бойынша танымын кеңейтуге бағытталады.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық —психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Егер оқушы алған жүйелі білімін нақты түрде тәжірибеде, күнделікті өмірде, әлеуметтік бейімделу үрдісі кезінде қолдана алса, онда мұғалім оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың дұрыс шешімін тапты деп анық сеніммен айтуға болады. Ендеше заманауи мұғалім  білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары болу керек деген сөз.

Сондықтан осы талаптарды шешуде жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық құзыреттіліктерін, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыту арқылы білім беруде нәтижеге жетуге ұмтылуы қажет[3].

Оқытуда жаңа инновациялық әдістерді қолдану білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл әдістер оқушылардың белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін және өзіндік ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытудың инновациялық тәсілдері оқу процесінің тиімділігін арттырып, педагогикалық нәтижелерге оң әсер етеді. Мұндай әдістердің тиімділігі бірнеше негізгі факторларға байланысты:

  1. Жеке тұлғалық көзқарас

Инновациялық әдістер оқушының жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне негізделген. Мысалы, әртүрлі оқу стилдерін ескеріп, оқушылардың өзіндік қарым-қатынасын арттыру арқылы әрбір оқушының әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар оқыту процесінің бөлінбес бөлігіне айналды. Онлайн платформа, цифрлық оқу құралдары, білім беру қосымшалары мен интерактивті құралдар оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқудың тиімділігін жоғарылатады. Бұл оқушыларға материалды жақсырақ меңгеруге, оқу процесін өздерінің жеке қарқынымен үйлестіруге мүмкіндік береді.

  1. Топтық жұмыс және ынтымақтастық

Инновациялық әдістердің бірі – топтық жұмыстар мен ынтымақтастыққа негізделген оқыту. Оқушылар бір-бірінен үйреніп, мәселелерді бірігіп шешеді. Бұл әдіс әлеуметтік дағдыларды дамытып, сыни ойлау қабілетін арттырады.

  1. Мәселелік оқыту

Мәселелік оқыту – оқушыларды нақты мәселелерді шешуге бағыттайтын тәсіл. Бұл әдіс оларды өмірде кездесетін шынайы жағдайларды талдауға және шешім қабылдауға үйретеді. Сонымен қатар, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытады.

  1. Геймификация

Геймификация – оқыту процесін ойын элементтерімен қызықтыру. Бұл әдіс оқушылардың мотивациясын арттырып, оқуға деген қызығушылығын күшейтеді. Оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындап, балл жинап, өз жетістіктерін бақылап отырады, бұл олардың оқуға деген қызығушылығын арттырады.

  1. Бейімделген оқыту

Инновациялық әдістердің бірі – бейімделген оқыту. Мұнда оқушының деңгейіне, қажеттіліктеріне және мүмкіндіктеріне қарай жеке оқу жолы құрылады. Оқушыларға материалдың күрделілігі мен қарқыны олардың қабілеттеріне сәйкес келеді, бұл оқудың тиімділігін арттырады.

  1. Кері байланыс пен рефлексия

Инновациялық әдістерде оқушылардың пікірлері мен ойларын жинақтап, оларды дамыту үшін кері байланыс беру маңызды. Рефлексия процесі оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.

  1. Жобалық оқыту

Жобалық әдіс – оқушыларды нақты бір тақырып бойынша зерттеу жүргізуге және жобалар жасауға шақырады. Бұл оқушыларға өздерінің зерттеу қабілеттерін дамытуға, жауапкершілік сезімін арттыруға, сондай-ақ топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді[4].

Жаңа инновациялық әдістер білім беру жүйесінде оқушыларды шығармашылыққа, сындарлы ойлауға және өз бетімен білім алу қабілеттерін дамытуға бағыттайды. Олар оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, білімді тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. Әрине, инновациялық әдістерді тиімді қолдану үшін педагогтардың осы әдістерді дұрыс таңдап, оларды оқу процесінде тиімді пайдалануға дайын болуы қажет.

Қортыныдылай келе білім беру процесіне технологияларды енгізу білім беруді қалыптастырудағы мақсаттардың қалыптасуына ықпал ететінін атап өту қажет: моральдық-психикалық, психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштерге негізделген заманауи педагогикалық технологияларды талдау, сондай-ақ сараланған оқыту контекстінде олардың тиімділігін бағалау негізінде педагогикалық технологиялардың перспективалық  құралдарын құру, технологияландыру процестерін реттейтін барлық мемлекеттік білім беру бағдарламалары мен стандарттары негізінде осы процестерді басқару қажет.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. — — № 2. — 34-б.
  2. Бабаев С., Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар — талапшаң мұғалім еншісі // Бастауыш мектеп. — 2011. — № 4. — 25-б.
  1. Оқытуда жаңа инновациялық әдістерді қолдану  тиімділігі | Білім айнасы газеті
  2. Д.Ш.Матрос, Д.М.Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *