Ырықсыз етіс

Игманов Данияр Агылымханович

Сабақтың мақсаты:

  1. Ырықсыз етіс туралы түсінік беру;
  2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру232-жаттығу/191-жаттығу

Сұрақ-жауап:

1.Етіс дегеніміз не?

2.Етістер неше топқа бөлінеді? оларды ата

3.Өзгелік етіс дегеніміз не?

5.Өзгелік етістің жұрнақтары? мысал келтіру

 

ІІІ.Жаңа тақырып. Ырықсыз етіс

Істің кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілетін етістің түрі

ырықсыз етіс деп аталады.

Ырықсыз етістің жасалу жолдары:

1

-ыл,-іл,-л:

Жу-ыл-ды, жи-ыл-ды, тер-іл-ді, шеш-іл-ді, тара-л-ды, күре-іл-ді, (іс-әрекетті кім істегені белгісіз, әйтеуір, өзінен-өзі істе-лін-іп қой-ыл-ған)

2

-ын,-ін,-н:

(өздік етісте де бар) етістік түбірінде -л дыбысы болса, онда ырықсыз етіс болады: ал-ын-ды, сал-ын-ды, әкел-ін-ді, іл-ін-ді, бөл-ін-ді ,сөйле-н-ді, тазала-н-ды, сарала-н-ды,т.б.

Ырықсыз етіс жұрнағы салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. мына екі бағандағы етістіктерді салыстырып, ырықсыз етіс жұрнақтарының сабақты етістіктен салт етістік жасап тұрғанын түсіндіріңдер.

Үй сал

Егінді ор

Суды төк

Малды бақ

Киімді тазала

Еденді жу

Үй сал-ын-ды

Егін ор-ыл-ды

Су төг-іл-ді

Мал бағ-ыл-ды

Киім тазала -н-ды

Еден жуылды

 

ІV. Оқулықпен жұмыс.

234-жаттығу. 1.Балама атауды есте сақтаңдар, сөйлемдерден етістерді табыңдар.

2.Өлеңнен етіс түрлерін тауып, теріп жазыңдар.

гүл ег-іл-ген, шөп өсір-іл-ген, ағаш және бұталар отыр-ғыз-ыл-ып, саябақтар жаса-л-ды, ағаштар отыр-ғыз-ыл-ды

V.Сабақты бекіту

1.Ырықсыз етіс дегеніміз не? мысал келтіру

2.Ырықсыз етіс жасайтын жұрнақтарды атап айту?

 

VІ.Үйге жұмыс. 235-жаттығу. /193-жаттығу.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *