Мен өмірді қалаймын
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Ержігіт Бозғұлов атындағы
№249 мектеп-лицейдің
9 «Б» сынып оқушысы
Жеңісұлы Жанкентхан
Мен өмірді қалаймын!
Мен өмірді қалаймын,ортада әділдік орнаған,
Қорлағанды емес, құрбанды қолдап, қорғаған.
Уақыты менен өмірін құртқан жастардың,
Нашақорларды жауапқа тартып,темір торға қамаған.
Есірткіге жолағым жоқ, қараңғылық қапасқа,
Таяз ойлы адам аз ба, өмір жолда адасқан?
Қателесті, айырбастап жанын жалған ләззатқа,
Өз шырағын өзі өшіріп, алаулаған тынбастан.
Мен өмірді қалаймын, таза жүрек, нық қадам,
Қажет емес, тірі бейне, іші түгел өліп қалған.
Мағынасын өмірдің “жоғалттым” деп зарлайды,
Құр ұнтақтың құрбандары өз жолдарын таппаған.