«Ұстаз деген жарық күні ғаламның».
“Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” деп бекер айтылмаса керек.
Менде осындай керемет мереке қарсаңында өзімнің тәлім тәрбие алған ұстаздарымды есіме алып дәріптеп өткім келді!
Мен Садыбаева Оралай Абдиашимовна Өзбекстан Республикасы Жыззақ облысы Мырзашөл ауданына қарасты Сұлтан Сегізбаев атындағы №4 жалпы орта мектебінде 11 жыл бойы сапалы білім мен саналы тәрбие алып шықтым. Қолыма алғаш қалам ұстатқан марқұм сынып жетекшім Тоғызбаева Жамила апай еді. Апайым өте ақ көңіл, жаны жайсаң ұстаз еді. 5 сыныптан 11сынып аралығындағы сынып жетекшілерім Құралай апай, Жанар апай және Азимбаева Гүлзина деген апайлар болды. Мен мектеп кезінде қазақ тілін өте жақсы көретін едім . Қазақ тілінен Балғынбаеа Ботакөз деген апайым сабақ беретін еді. Өте сұлу ақылына көркі сай, өте салмақты ұстаз болатын. Мен сол апайға қарап тамсана отырып мұғалім болуды армандайтынмын!
Біздер мектеп кезінде неміс тілін оқитынбыз. Неміс тілінен апайымыз өте қатал болатын! Апайымыз неміс тілінен сөздік жаттамасаңдар кешке мектепке қамап кетемін десе шынымен сол сөзге сеніп , 5-6 сынып кездерімде қорыққанымнан неміс тілінен бір общий тетрадь сөздікті жаттап алған болатынмын. Қазір ойласам сол кезде апайым бізді оқыса, жаттап алса жаман болмайды деген ниетпен айтады екен ғой!
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен- тарихтағы ең ұлы істің бірі» -деп К.Д.Ушинский айтып өткендей мен мектеп кезімдегі ұстаздарымды есіме алатын болсам, директорымыз Садыбаев Әбдіжаппар ағай, Жақсылықов Өктемхан ағай, тәрбие ісі жөніндеге апайымыз Абильдаева Гүлжан апай, оқу ісі жөніндегі орынбасар Алима апай, математика пәнінен Есқараевна Бейсенгүл апай және де Кушенова Бақтыгүл апай, физика пәнінен Биматова Сұлухан апай, Умарова Ұлар апай, Қонаров Берді ағай, О.Ермаков ағай, Умарова Ұлар апай,Бухарбаева Рахат апай, Жанар апай, педагог-психолог Әбдіразақ ағай, Жақсыгүл апай , өзбек тілінен Райхан апай және де музыка сабағынан Жанат апай сабақ беретін еді. Мен музыка сабағын да өте жақсы көретінмін!
2004 жылы мектепті үздік бағамен бітіріп , Жетісай қаласында орналасқан “Сырдария” университетіне гегография және тарих факультетінің “География” мамандығына оқуға түстім. Студенттік шақтарымның әрбір күні қызықты өтті. Кураторымыз Сырбаева Алмагүл апай болатын. Апайым өте мейрімді, ақ көңіл апай еді. Студенттік шақтарымдағы ұстаздарым Исмайилова Гүлайым апай, Шірінгүл апай, Зоржанова Гүлзина апай және де Кашкаров ағай, тағы да басқа апай- ағайлар білім берді.
2008 жылы универстетті бітіріп шықтым. 2011жылы Түркістан облысы, Жетісай аданының білім бөліміне қарасты №114 жалпы орта мектебіне (қазіргі Хиуаз Доспанова атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі) іс жүргізуші қызметіне сол мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған марқұм Ильясов Арысбек ағай жұмысқа тұрғызамын деп апарған еді. Сол кезде шынымды айтсам мен үйге келіп көмпьютер жазуды білмеймін, мен бұл жұмысты істемеймін, жұмысқа бармаймын деген едім . Сол кезде Арысбек ағай қызым үйреніп кетесің, барлығы да жайлап үйренген деп айтқан болатын. Мені жұмысқа алған Давлатов Жүсіп ағай болатын. Жүсіп ағай өте салмақты, білімді, ізденімпаз, сабырлы болатын. Мен көмпьютер жазуды жақсы меңгермегендіктен бұйрықтар жазған кезде кейбір әріптерді қате жазып барсам, қателерімді ручкамен туралап, қайтадан жаздыратын еді. Сол кезде ағай менің қатемді туралап қайта жаздыруының себебі, мені өзі үйренсін деген екен. Сондықтан да мен әрдайым Давлатов Жүсіп ағайдың білімділігін, салмақтылығын және де ақылдылығын құрметтеп, әрдайым ағайды мақтан тұтып, қуанышпен айтып жүремін!
Сол кезде маған компьютерді жазуды үйреткен Ботабаева Нүргүл апайға алғыс білдіремін. Нүргүл апай маған ерінбей үйреткен еді. 2013 жылы география пәні мұғалімі қызметіне ауыстым . Геогрфия пәні мұғалімі Ильясова Орын апай мен тарих және география пәні мұғалімі Ажибеков Еркін ағай маған география пәнінен сабақ беруді үйреткен болатын. 2018 жылы қосымша білім беру педагогы лауазымына ауыстым.
«Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады.Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей,шешесіндей сүйетін болса,ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де,мшәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса,ол-кемел ұстаз»- деп Л.Н.Толстой айтып өткендей менде өмір жолымды осы ұстаздарым секілді өз ісімді сүйіп, келешек ұрпаққа яғни шәкірттеріме саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолына арнаймын.
Түркістан облысы Жетісай ауданы
«Х. Доспанова атындағы №28жалпы
білім беретін мектеп»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
қосымша білім беру педагогы
Садыбаева Оралай Абдиашимовна
Садыбаева Оралай апай өзіңіз тәлім алған ұлғатты жандардан асып түсетін ұстаз екеніңізді кәміл айта аламын. 👍👍👍