«Заманауи мектепке дейінгі ұйымның әдіскері» тақырыбы бойынша шебер-сынып
«Заманауи мектепке дейінгі ұйымның әдіскері» тақырыбы бойынша
шебер-сынып
№46 «Балбұлақ» бөбекжайы»МКҚК
Әдіскері Кобланова Алима Реджеповна
Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік-психологиялық мәдениетін жетілдіру. Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа, әртістікке, бастамашылдыққа өзін -өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар бөбекжайдағы әдістемелік жұмыстың перспективасын анықтау.
Қатысушылар: тәрбиешілер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:
1.Ойынның сценарий–жоспарын құру.
2.Тапсырмалар дайындау, мақал-мәтел, жаңылтпаш, санамақтар қарау, мәтіндерді жинақтау.
3.Тәрбиешілердің кәсіби шеберліктерін және қасиеттерін дамытуға және анықтауға арналған жаттығуларды жинақтау.
Ойынның өту барысы:
Жүргізушінің кіріспе сөзі: ойынның тақырыбын, шарттарын жариялайды.
Құрметті әріптестер, сіздермен шебер-сыныпты танысудан бастаймыз! Біздің танысуымыз ерекше болмақ, яғни танысуды біздің жұмысымызбен байланыстырамыз.
1.Танысу:
-Ұнатамын,
-Қолданамын,
-Жүргіземін сөздерін қоса отырып мен мысалы өзімді былай таныстырамын:
Алимамын, күндерімді дәл циклограммадағыдай апта бұрын жоспарлағанды ұнатамын т.с.с.
2. «Шульте әдісі» бойынша санамақ айту.
Санамақ – қазақтың жас балаларға арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілік пен икемділікті қажет ететін ойындар қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы математикалық дәріс ретінде санауды үйретеміз. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Ал біз оны Шульте әдісіне салып айтуымыз шарт. Шульте кестесі – миды ынталандыруға арналған ең жақсы қосымшалардың бірі. Оның артықшылығы – шоғырландыруды жақсарту әрі есте сақтау қабілетін арттыру боп табылады. Сол арқылы зейінді ынталандырып, шығармашылығымызды жетілдіруге мүмкіндік береді.
3 9 5
1 7 4
6 8 2
3. «Аталар сөзі-ақылдың көзі» жобасы аясында «Мақалдар біздің нұсқада» ойыны. Мысалы: «Отансыз адам- ормансыз бұлбұл» менің нұсқамда «Жылдық жоспарсыз маман-ормансыз бұлбұл» т.с.с.
4. «Бал-бала» тіл ширату жобасы аясында берілген сандардың артында жасырылған еркін тақырыпта жаңылтпаштар, өтірік өлең т.с.с айту.
5. «Көңілді күн» тактильді жаттығумен қорытындылау:
«Көңілді күн» тактильді жаттығуына шақырамын. Бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау, жағымды әсер қалдыру. Қатысушылар бірінің артынан бірі тұрып мәтіндегі нұсқау бойынша іс-әрекетті қайталайды.