Экономиканың қазіргі әлемдегі рөлі және дамуы
Экономиканың қазіргі әлемдегі рөлі және дамуы
Экономика-қоғамның өмір сүру негізі, барлық өндірістік, тұтынушылық және сауда процесстерін қамтитын күрделі жүйе. Ол елдің даму деңгейін, тұрғындарының әл-ауқатын, ресурстарды тиімді пайдалануды анықтайды. Және бұл жүйе уақыт өте келе үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Экономика бірнеше негізгі салаларға бөлуге болады:
Біріншісі, өндіріс-барлық материалдық және рухани өнімдердің жасалуы. Өндіріс қызметінің сапасы мен көлемі елдің экономикасын айқындайды. Бұл салаға ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және энергетика кіреді.
Екіншісі,қызмет көрсету саласы- азаматтарға және кәсіпорындарға қызмет көрсету арқылы қосымша құн жасауды көздейтін сектор. Оған денсаулық сақтау, білім беру, туризм, ақпараттық технологиялар және қаржы қызметтері жатады.
Үшіншісіне тұтыну және сауда-өнімдер мен қызметтердің алмасуын қамтамасыз ететін салаларын айтуға болады.
Экономикалық өсу тек өндіріс пен тұтыну деңгейінің артуымен ғана емес, оның тиімділігінің жақсаруымен де байланысты. Инновациялар мен технологиялық прогресс-жаңа технологияларды енгізу, автоматтандыру мен роботизация өндірістің тиімділігін арттырады.
Адам капиталы-білімді, білікті мамандар мен жұмыс күшінің болуы экономиканың дамуына септігін тигізеді.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану-табиғи ресурстарды ұқыпты және ғылыми негізде қолдану ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етеді.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығы-ақша айналымы, қаржы нарықтарының даму деңгейі экономикалық өсуді қолдайды.
Әлемдік экономикалық дағдарыстарға тоқталсақ. Әлемде экономикалық дағдарыстар тарихи тұрғыда жиі орын алып келеді. Олар көбінесе қаржы жүйесінің ақаулары, табиғи апаттар немесе геосаяси шиеленістер салдарынан туындайды. Мысалы, 2008 жылғы қаржы дағдарысы әлемдік экономиканы терең күйзелістерге ұшыратты. Бұл дағдарыс көптеген елдердің экономикасына ауыр соққы беріп, жұмыссыздық деңгейін арттырды және әлеуметтік жағдайды қиындатты. Бірақ әрбір дағдарыс-жаңа мүмкіндіктер туғызатын кезең. Ол экономикада реформалар жүргізуге, жаңа стратегиялар енгізуге итермелейді. Экономикадағы әлеуметтік мәселелерді де кездестіруге болады. Экономикалық даму тек материалдық байлықты арттырумен шектелмейді. Әлеуметтік теңсіздіктер, кедейлік, жұмыссыздық сияқты мәселелер экономика саласында кеңінен талқыланады. Әлемде әртүрлі деңгейдегі табыс айырмашылығы көп, бұл дағдарыстар кезінде әлеуметтік шиеленістердің орын алуына себеп болады. Сондықтан экономистер тек экономикалық өсімді ғана емес, халықтың әл-ауқатын жақсартуды да басты назарда ұстайды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718