Оқушылар тарихи орынға саяхаттады

Хиуаз Доспанова атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті  пәнінен  үйірме жетекшісі Адебаева Ақшолпан Улмесбекқызы.  18- мамыр  «Халықаралық мұражайлар» күні  мерекесіне орай  тарихи-өлкетану бағыты бойынша  оқушылардың ой-өрістерін,танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын қолдау және  дамыту мақсатында Түркістан облысы Мақтарал ауданы Мақта шаруашылығытарихи мұражайына 5-6-7 сынып оқушыларына таныстырылды.

Оқушыларға мұражай  жетекшісі Рая Бабашова  тарихтың тереңінен сыр шертті.Жетістіктер мен жеңістерді,шөл даланы игеруде тамған тер мен қолданылған құрал-жабдықтарды кеңінен таныстырып өтті.Бүгінгі гүлденген өмірдің оңай келмегендігін айтып, қолмен канал қазған тұлғалардың өмірлері мен еңбектерін дәріптеді.

Бұл мұражай 1944 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.  18 мамыр Халықаралық мұражай күніне орай жылына бір рет «Ашық есік»  күні өткізіледі екен. Ашық есік күнінде мұражайға келушілер өте көп болады

Оқушыларға мұражай табалдырығына табаны тиген ұлылардың қалдырған жазбалары мен пікір-тілектер кітапшасы да таныстырылды.1870 жылдары Николай патшамыздың туысы Романов әулеті келіп алғашқы Романов каналы қазылған екен. Бұл Романов каналының құрылысы 1912 жылы бітіп,1913 жылы Романов каналына су келген ,су келген соң алғаш мақта егіле бастағанын түсіндіріп өтті. Мақта түту,жіп иіру сол заманда қол күшімен атқарылған жұмыстар жайында біраз ақпараттар алдық. Мақта шабатын және  бетпақдаланы гүлдендіруге келген адамдар,үлкен каналдарды қазу үшін  жер аударылып келген адамдарда арнайы үйлері болмаған  жертөледе өмір сүрген.

Біздің заманымыздан бұрын IX-XII  ғасырда «Үтіртөбе» деген қалашық  болған.«Үтіртөбе» қалашық бізден 12 шақырым жерде орналасқан. Сол қаланың орнын  және сол жерден табылған заттарды да оқушыларға суреттерін көрсетіп таныстырды.Біз мұражайдың сыртынан трактордың бейнесін көрдік ал мұражайдың ішінде сол трактордың макеті бар.

Бұл тракторлардың біздің кең шарымыздың алғашқы директоры Арлов Александр Сергеевич трактор  америкадан алып келген. Арловтың өзі совхозды 20- жылдан астам уақыт басқарып келген.Мен директормын деп кабинетінде отырмаған жұмысшылармен бірдей жұмыс істеген өте қарапайым кісі болған екен. Ұлы Отан соғысына Мақтаарал мен Жетісай ауданынынан 12 мыңдай адам қатысса оның ішіндегі  10-ы батыр болған.  Соғысқа барған ардагерлеріміздің медальдарын, суреттерімен және документтерін көрсетіп өте қарапайым тілде түсіндіріп берді.Қазіргі таңда егіліп жатқан мақтамыздың әр түрлі сорттарын көрдік,және шетелден қонақ болып келген мұражайға Франция,Монғолия,Германия,Корея,Иран,Ирактан келген қонақтар мұражайға естелік ретінде құнды заттарды қалдырып кеткені жөнінде айтып кетті.

Тек қана мақта емес арпа, бидай,сұлы, қауын, дарбыз,жүгері де  өсірген екен,және сол жерде саябақ  бар, саябақтың  ішінде үлкен стадион бар стадионның жанында үлкен спорт мектебі бар.Сол спорт мектебіндегі осы Атакентіндегі сол спортшыларды дайындаған бапкерлердің ілулі тұрған суреттерімен таныстырды. Сол дайындаған спортшылардың ұтып алған кубоктарын көрсетіп,сол стадионда 1974 жылы Пахтокор мен Қайрат топтары футбол ойнаған.Әр ойыншысы өздерінің қолтаңбаларын  қойып кеткен. Биыл бұл доптың мұражайда сақталуына 50 жыл толды. Мұражай өткен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады. Оқушылар өте көтеріңкі көңіл күймен қайытты. Мұражай қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Осы мұражайды сақтап отырғанына және бұрынғы теп тегіс жоқ жерден қазіргі таңдағы тұрып жатқан мекенімізді өркендеп өсірген туралы мәліметтер алдық.Алла қаласы Мақтарал ауданымыздың өсіп өркендеуіне үлкен үлесімізді қосамыз деп ойлаймын. Мұражай  жетекшісі  Рая Бабашова ханымға үлкен рахметімізді айтып ризашылығымызды білдірдік!

                                                                                      Адебаева Ақшолпан,

                                                                                                   Х.Доспанова атындағы №28

                                                                                                      жалпы білім беретін мектептің

  қазақ тілі жәнеәдебиеті пәнінен

                                                                               үйірме жетекшісі

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *