Қазіргі кезде елімізде ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында ерекше көңіл бөлініп, мемлекеттік деңгейде қамқорлықтар көрсетіліп келе жатыр. Осы орайда 2007-2009 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы ХІІ Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облысының құрамасының мерейі үстем болды. Осы құрама арасында «Жетісай ұлттық спорт клубының мүшесі» С.Сейфуллин атындағы №29 ЖББМ КММ-нің 11 Ә сынып оқушысы жас шабандоз Айтуған Ерболат аталмыш чемпионатта І-орын диплом мен арнайы Қазақстан Республикасының чемпионаты медальмен марапатталды.
Осы чемпионаттағы 5 салымның Айтуған Ерболат 3 салымын салып «Үздік шабуылшысы» атанды.