Жатақхана өз үйім
Студенттердің сапалы білім алуына олардың бүгінгі күннің талаптарына сай жайлы тұрмысының өзіндік үлесі бар. Алыс аудандардан білімге сауып келген, арманға құлаш ұрған қыз-жігіттердің бірден-бір ат басын тіреп, тұрақ тебер орыны – жатақхана. Біле-білгенге студенттердің бұл да өз үйі десе де болғандай.
Университетімізде 15жатақхана бар. Онда 5000-ге жуық студенттер мен Phd докторанттар орналасқан. Әр жатақханада материалдық база жеткілікті, санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес кітапхана филиалдары, демалыс бөлмелері, асхана, сақтау камералары, ас әзірлейтін және жуынып-шайынатын орындар, өз бетімен сабаққа дайындалатын бөлмелер ұйымдастырылған. Онда қажетті жиһаздар мен жабдықтар жеткілікті.
Студенттер қалашығындағы тәртіп пен тазалықты студенттер ұйымы бақылайды. Әр қабатта, әр бөлмеде староста сайланып, ол әр бөлменің және ондағы мүліктің таза әрі ұқыпты ұсталуын талап етеді. Жатақхана жұмысының талапқа сай жұмыс істеуін университет әкімшілігі, кешен және жастар ісі жөніндегі ұйым, кәсіподақ ұйымы, студенттер қалашығының басшылығы қамқорлық жасап отырады. Жатақхана тазалығы жөнінде тұрмыстық жағдайды жақсарту жайында тұрғындардың талап-тілектерін ескерусіз қалдырған кезі жоқ.
Отбасы бар және тұрмыстық жағдайы төмен студенттерге де кейбір жеңілдіктер жасалып, жеке бөлмелер берілген.
Жатақханада мәдени-көпшілік шаралар студенттер кеңесі мен кешен жетекшісі бекіткен жоспар бойынша жиі өткізіліп тұрады. Қызықты кездесулер мен пікірталас, сырласу кештерін ұйымдастырып тұру дәстүрге айналған. Жатақханада тәрбие жүйесі ұлттық және діни ерекшеліктерді ескере отырып кешенді түрде және саралап ұйымдастырылады. Ол студенттердің ой-өрісін дамытуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, халық дәстүрін, әдет-ғұрыптарын үйренуге әсер етеді. Сондай-ақ, көркемөнерпаздық және техникалық шығармашылық үйірмелері, спорттық және туристік секциялар, әуесқойлар бірлестігі мен мүдделестер клубтары, байқаулар мен конкурстар өткізіп, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер өткізіп тұрады.
Жатақханалар арасында ондағы оқу және мәдени-тұрмыстық бөлмелер мен тұрғын бөлмелердің тазалығы, ішкітәртіп пен мәдени щаралардың ұйымдастырылуы, үгіт-насихат жұмыстарының көркем безендірілуі т.б. шаралар бойынша жарыстар өткізіледі. Білім алуымызға қолайлы жағдай туғызған, сырлас дос тауып берген жайлы қонысымыз өз жатақханамызды өз үйіміздей көріп, көздің қарашығындай таза ұстау әрбір студенттің парызы деп студенттерге үнемі айтып отыру керек. Осы студенттердің жайлы өмір сүруіне университет бар тиімді жағдайды жасап отыр. Әрбір студент осы жатақханада тұру барысында өзінің арман тілегімен қатар ой-өрісін дамытып, білім алып, жаңа достар тауып білімге құлшынысын іске асыра алады деп айтуға болады. Студенттерге құнды ақпараттарымен бөлісіп, білгенін үйретуге оқытушылар жатақханаға келіп түрлі шаралар өткізіп тұратын еді. Биылғы оқу жылына қабылданған 1- курcтар үшін жатақхананы көру арман болып тұр деуге болады, себебі еліміздегі төтенше жағдайға байланысты. Бұл шаралар әсіресе 1-курс студентеріне өте керек деп ойлаймын, әр жерден келген студенттер жаңа ортаға бейімделе алмай, қиналып жүргенде оларға қолдау көрсетіп, ақыл кеңестерін айтып,білім алудың жолы оңай емес екенін, адам баласына даму үшін үнемі үзденіс керек екенін және заманның дамуына орай шет тілін өз тілінен артық меңгеру керек екенін, әрбір бос уақыттарын текке өткізбей белгілі – бір қажеттілікке жұмсаса сол адам ғана білімнің көкжиегіне шыга алатынын ұгындыра білу керек. Сондай отырыстардың бірін Молекулалық биология және генетика кафедрасының кезекшілігінде кафедра меңгерушісі З.Ғ. Айташеваның «Әлем тілдері сыр шертеді» деген диспутын айтуға болады. Ол диспутта З.Ғ.Айташева өзінің бірнеше тілді қалай меңгергенін, тілді қалай тез үйренуге болатын жолдарын әңгімелеп, студенттерге ағылшын тілінде, орыс тілінде, француз тілінде сұрақтар қойып қызығушылығын тудырды. Осы диспут биылға жылы онлайн форматта өтті, студенттер оқытушының әңгімесін ести отырып түрлі сұрақтар қойды, университет табалдырығын сағынғандарын, оның ішінде жатақханадағы достарын сағынып, бөлмелерін, ондағы қызықтарын айтып сағыныштарын жеткізді.
Молекулалық биология
және генетика кафедрасының
Куратор – Эдвайзерлері Чунетова Ж.Ж.