Мұғалім — әлемдегі ең үздік мамандық
Мұғалім — әлемдегі ең үздік мамандық
Ұстаз бола білген адам нағыз бақытты жан болар. Ұстаздың ұлылығын ел басқарған басшы да, ғалым да, дана да мойындай білген. Өйткені кез-келген танымал тұлға — ұстазына бас иген ең білікті шәкірттер.
Мұғалім шәкірттерінің өмірінде ерекше орын алады, өйткені мұғалім белгілі бір пәннен білім беріп қана қоймай тәлімгер, сырлас досы , тіпті , екінші ата-анасы да бола білген. Шәкіртін шығармашылыққа баулып , жетістікке жету жолын бағыттай білген адам. Демек, ұстаз білім мен мәдениетті, құндылықтарды және баланың мінез құлық нормаларын қалыптастыруда шешуші роль атқарып , қоғамның дамуына да күш-жігерін жұмсап , орасан зор үлесін қосқан жан дер едім. Жазушы Ғафу Қайырбеков атамыз айтқандай “Ұстаз болу — жүректің батырлығы“.
Ұстазды құрметтемеген , ұлықтамаған ел жоқ болар. Ежелден-ақ ұстазға деген құрмет ерекше болған. Белгілі философ, ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби өз ұстазы Аристотельді ұлықтағаны сонша , ұстаздың үйіне жақындағанда атынан түсіп, жаяу жүрген екен деген естелік жазбалар ел арасына кеңінен тараған. Ел аузындағы “Төрден орын ұстаздікі” деген жақсы сөз бекер болмас.
Қазіргі күнде ұстаз болу — таудан аққан тау өзені секілді жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, айналасына қуат берген, қиындықтарға мойымай білім мен рухани шығармашылықты ұштастырып, өз еңбегінен тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз — қасиетті қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі ең жоғарғысы деп білемін, өйткені, ұстаз — жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен дақылшы.
Менің мамандығым әлемдегі ең үздік мамандық — мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала кезімнен армандап, қол жеткіздім. Мұғалім — шәкіртінің болашағын қалыптастыратын шәкірт жүрегінен мәңгілік орын алатын әлемдегі ең жақсы мамандық.
Шындығында, ұстаз болу неткен бақыт десеңізші…Әлемдегі түрлі ғажайыптың ішіндегі ең кереметі — зор біліммен жақсы тәрбиеленген адам. Ал осы екеуін беретін — ұстаз. Мен де өз ұстаздарымды құрметтеп, оларға бас иемін. Ұстаз еңбегі ел үшін де, шәкірт үшін де зор мәртебе екенін ұмытпайық.
Сейсенбай Қожахмет
49 ЖББМ “Сырдария”