«Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім» Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен-тарихтағы ең ұлы істің бірі.

 

«Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім»

Мұғалім ісі сырттай қарапайым

болғанмен-тарихтағы ең ұлы істің бірі.

К.Д.Ушинский

Әрбір адамның өмірінде мамандық таңдау маңызды болып есептелінеді.Жас кезімізде кез келген мамандыққа еліктеп,нақты шешім қабылдай алмаймыз. Қанатың қатаймай өмір жолында қандай да бір шешім қабылдау оңай  емес екендігін мойындау керек. Өйткені балалық шағыңда сол мамандықтың тек қаймағына құштар болатының сөзсіз. Мамандық-бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана  жасайтын  ісі,оның ертеңгі  болашағы. Мамандық таңдау-бұл өте маңызды іс.Жас кезімде мен әнші болғым  келді,бірақ өсе келе менің жүрегіме мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікті бастауыш сынып апайым Зерегүл Асылханова есімді кісі оятты.Зерегүл Асылханова апайымның  тәрбиелік мағынасы бар әр бір айтқан сөзі есімде.Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма өкінбеймін,себебі жас урпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп,өмірі ізденісте боламын. Оқушыларымның жетістігіне қуанып, алға ұмтылу  белсенділігім артады. Мен өз мамандығымды жақсы көремін, себебі жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып,шәкірт жүрегіне гүл егетін бағбан ол аяулы ұстаз. Мұғалім мамандығының қиындығы мен қызығы мол.Бала жүрегі – кішкентай мөлдір бұлақ.Сол мөлдір бұлақтың көзін ашу үшін баланың жүрегіне жол таба білу керек.1993жылдан бері мен «Сырдария »жалпы орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті  пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым.Мектеп оқушылары  менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда,балалардың  сыңғырлай күлген дауыстары  мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ,өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен  әдемі жүздерімен шаттанамын.Менің ойымша,мұғалім деген мамандыққа сай болу үшін әрбір ұстаз әрдайым ізденісте болуы керек.40 минуттық сабағымды өттім,болды деген ойдан алшақ болуы керек.Мен өзімді дүниедегі ең бақытты мұғалім деп есептеймін,себебі менің оқытқан шәкірттерімнің жетістігі менің бақытым, қуанышым, еңбегім. Жаңартылған білім беру бүгінігі күні білім беру саласы «Қазақстан -2050» ұзақ мерзімді бағдарламасының ең негізгі мақсаты білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім беру мазмұнын жаңартудың көптеген компонеттері , соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған . Ұлы шығыс ойшылы Конфуций ; «Маған айтып берсең ұмытып қаламын , көрсетсең есімде сақтауым мүмкін ,  менің өзіме жасатсаң үйренемін »  деген. Қазіргі ғылыми зерттеулер бұл даналықтың астарында терең мағына жатқандығын байқатады. Сондықтан да әр сабақта білім алушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы қажет .Қазіргі уақытта мұғалім заманауи  сабақты меңгермейінше сауатты , жан жақты педагог болуы мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі  мен оны оқу тәрбие үрдісіне еңгізуі  заман талабы.Ұстаз ұшін ең басты мәселе оқыту әдісін  дұрыс таңдау  деп ойлаймын , себебі  шығармашылық ол ұстаздың талмай ізденуі  емеспе . Болашақтың бүгінгіден  де жарқын болына ықпал ететін адамзатты алға апаратын куш тек білімде. Мұғалім оқытудың  әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру керек , ол заман талабы..Алғашқыда жаңа әдіс тәсәлдерді журналдардан , қосымша әдістемелік құралдардан оқығанымда , маған барлық әдіс тәсілдер оңай болып көрінген  еді. Практика жүзінде қолдануда көп қиыншылықтарға тап болдым .Сабақ барысында тиімді әдіс тәсілдерді қолдану үлкен шеберлікті талап етеді. Бүгінгі басты мәселе сындарлы оқыту болып табылады . Бұрынғы дәстүрлі сабақпен сындарлы оқытудың айырмашылықтары айтарлықтай екендігіне көзім жетті. Себебі дәстүрлі сабақты өтіп жүргенде де мұғалімдер   көптеген жетістікке жетті , жетіп те жатыр. Мұғалімнің әр сабағы  қайталанбайтындай жаңалыққа толы болуы тиіс деп ойлаймын . Сындарлы оқытудың басты мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытатынын , мұғалім оқушыларды өз бетінше білім алу әрекетіне бағыттай алатынын түсіндім. Оқушылар алған білімінен ой шығарып оны дәлелдеп , жүзеге   асыру кезеңінде өз нәтижелерімен танысатынын түсіндім.Сонымен қатар топтық жұмыстың нәтижесі баланың ойлау қабілетіне өсу деңгейіне қатты әсер беретінін байқадым . Бүгінгі күнде білім беру жүйесі жаңа деңгейге көшуде.Әр бір ұстаз  өмір бойы білім алатын  азаматты тәрбиелеуі қажет. Бұл жетістікке жету үшін жаңа стандартты  жүзеге асыратын мұғалім қызметіндегі түбегейлі өзгерістермен байланысты.Заманауи сабақ жоспарына 7-модульді кіріктірілуі басты мәселе екендігін түсіндім.

 

  1. Оқыту  мен оқудағы  жаңа тәсілдер

Бүгінгі таңда білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны диалог . Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін сұрақты дұрыс қоя білуді  , ақпарат алмасуда , жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі.Әр түрлі тақырып та диалог құрғызу мынадай нәтиже берді ;

Сабақта белсенділік жоғарылайды;

Сөздерді сақтау қабілеті дамиды ;

Дұрыс сөйлемдер құруға дығдыланады;

Оқуға қызығушылықтары артады.

 

Қазіргі қарқынды дамып келе жатқан қоғамаға  білімді , ізденімпаз , кез келген жағдаяттан шыға алатын , алған білімдерін өмірде пайдалана алатын , өз білімімен қоғамға үлес қоса алатын тұлғаны тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті.

 

№49 «Сырдария» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары:Усманова Бекайим Далихановна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *