Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға кәсіби бағдар беру

Сергалиева Гулбахор Алимжановна

Шымкент қаласы білім басқармасының «Сайрам көмекші» мектеп-интернат-колледжі
арнайы кешен коммуналдық мемелекеттік мекемесі, дефектолог-логопед маманы

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға кәсіби бағдар беру.

«Қаламаған мамандықпен айналысамын деп бекерге жаныңды қинаудың қажеті жоқ. Мамандықты да құрғақ есеппен емес, махаббатпен іске асырған жөн»

Харуки Мураками

Қазіргі қоғамның  даму жағдайында мектеп оқушыларға кәсіби бағдар беру жүйесі өзекті болып отыр.  Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «29) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. Арнайы мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру-бұл оқушыға мамандық таңдауда көмек көрсету, олардың мамандықтың әлеуметтік-экономикалық, психофизиологиялық сипаттамалары, адамға қойылатын талаптары туралы қажетті білім көлемін игеруге бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жалпы орта білім берудің мақсаты:  бітіруші сынып оқушыларының мамандық таңдауына ықпал ретінде, кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады.Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу,  бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады. Мұғалім оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруда жетекші рөл атқарады: оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне, мамандығына психологиялық дайындық, кез келген мамандықты таңдауға қажетті жауапкершілік пен еңбекті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу. «Кәсіби бағдар» алғаш рет  ұғым ретінде XX-ғасырдың басында АҚШ-та пайда болды.  Кәсіби бағдардың негізін қалаушы 1908 жылы Бостонда «Мамандық таңдау бюросын» құрған және мамандық таңдауға ғылыми тәсілді қолданған американдық зерттеуші Френк Парсонс.  Парсонстің «Мамандық таңдау» атты еңбегі оның дүниеден өткеннен кейін 1909 жылы жарыққа шығып, американдық профориентаторлардың басты құралына айналды. Кәсіби бағдар  – білім алушының кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіби саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.

Оқушылардың кәсіби бағдар мәселесіндегі ерекше орын білім алушының үнемі мектепте айналысатын оқу-тәрбие процесіне тиесілі. Оқу процесіндегі кәсіби бағдар – оқушыларға оқу процесі барысында мамандықтар туралы кеңес беру және оларды ақпараттандыру. Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен икемділіктерінің  деңгейі нақты оқу әрекетіне тікелей тәуелді. Жалпы білім беретін пәндердің оқу материалының мазмұны кәсіби бағдар беру мақсатында қолданылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға пән бойынша білім беруде мамандықты табысты игеруге қажетті білімді түсіндіреді.  Мектеп   оқушылары еңбек, георграфия, тарих, қоғамтану, пәндері  бойынша сабақтар барысында мамандықтар туралы негізгі ақпараттармен, еңбек ету жағдайымен, қоғамдағы орнымен, маңыздылығымен танысады.  Әр оқу пәні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру міндетін шешуде сол пән шеңберіндегі мүмкіндіктер мен құралдарды қолданады.   Осы және басқа да ұғымдарды оқу пәндерімен қатар түсіндіру оқушының кәсіби өзін-өзі анықтауына тікелей қатысы бар және кәсіби бағдар мәселесін шешуге көмектеседі.  Мектептің 9-10 сыныптар – бұл кезеңде мектеп оқушыларының кәсіби сана-сезімі дамиды, оларда мамандық таңдаудың тұлғалық мәні пайда болады, өз идеялары мен нақты мүмкіндіктерін болашақ қызмет саласын таңдаудың қоғамдық мақсаттарымен байланыстырады; бұл кезеңде оқушыларды белсенді танымдық және еңбек әрекетіне баулиды, оларға мамандық таңдаудың ғылыми негіздерін зерделеуге, диагностика мен өзін-өзі диагностикалау әдістерін меңгеруге қолдау көрсетеді.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға кәсіби бағдар жұмысына барлық ұжым болып кіріскенде және бірқатар қағидаттарды ұстанғанда ғана тиімді болатынын ескеру маңызды:

  • Оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың мамандыққа және еңбекке деген қызығушылықтарының қалыптасуы мен сабақ үлгерімінің деңгейіне, өмірлік жоспарлары мен құндылық бағдарларының айырмашылықтарына сай саралау және даралау.
  • Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмысының жаппай, топтық және жеке формаларының оңтайлы үйлестіру.
  • Мектептің, отбасының, кәсіби оқу орындарының, жастарға кәсіби бағдар беру орталықтарының, қоғамдық/кәсіби жастар ұйымдарының, әлеуметтік серіктестердің өзара байланысы.
  • Кәсіби бағдар жұмысының өңір және елдегі еңбек нарығымен байланысы (қоғамдағы маман қажеттілігімен табиғи бірлігі).

Кәсіби бағдар жұмысының негізгі міндеттері:

  • Оқушыларды оқыту бейіні бойынша бөлу үшін олардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары туралы мәліметтер жинау;
  • Жоғары сыныптар арасында қосымша және кәсіби білім беру мекемелерімен, өңірлік кәсіпорындармен ынтымақтастықтың икемді жүйесін әзірлеу;
  • Ата-аналарды мектеп оқушыларының бойында өмірдің әртүрлі салаларына деген өмірлік қызығушылықтарын кеңейту, басым қызығушылықтарын қалыптастыру мен кәсіби бағдар беру жұмысына жұмылдыру;

Қорыта келе ерекше білімді қажет ететін оқушыларға кәсіби бағдар беруде мұғалімнің мақсаты оқушылардың еңбекке деген саналы қатынасын, тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын және өңір мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі шеңберінде кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастыру. Оқушыларға кәсіби бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіби мансабын  жоспарлауға қолдау көрсету.

Әдебиеттер тізімі:

  1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200031149
  2. А.Я.Журкина, Профориентационная деятельность педагога. Методические рекомендации для педагогов.2019
  3. ТолстогузовС.Н.,https://www.libnvkz.ru/chitatelyam/onovokuznetske/pochetnie-grajdane/tolstoguzov-n-v

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *