ҚМЖ “С” дыбысын қою
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: «С» дыбысын қоюға дайындық. Менің отбасым және достарым
Кезеңі Дайындық кезеңі
Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Күні:
Сынып/топ: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: «С» дыбысын қоюға дайындық. Менің отбасым және достарым
Сабақтың мақсаты: – «С» дыбысының кинестетикалық бейнесін қалыптастыру;
– Бағытталған ауа ағынын қалыптастыру;
– Фонематикалық қабылдауын дамыту;
«Менің отбасым және достарым» лексикалық тақырыбы бойынша сөздік қорын молайту;
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Логопедтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе кезеңі
5 мин
Сабақтың басы 10минут
-Сәлемдесу
« Күлімде күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!»
Осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызды бастайық!
Логопед: -балалар, мен сендерге жұмбақ жасылғым келіп тұр.
Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар?
– Дұрыс, балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен
– Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз және достарымыз туралы болмақ.
Артикуляциялық жаттығулар
-Кәнекі, біз тілімізді жаттықтырып алайық.
«Бақа» жаттығуы.
Орындалуы: тістерді көрсетіп, жымию.
«Күрек» жаттығуы
Орындалуы: езу тартып күліп, тілдің жалпақ ұшын төменгі ерінге салып қою.
«Қамыр» жаттығуы
Орындалуы: Ауыз сәл ашық, тілді бос қылып, алдыңғы ерінге салып, «пя-пя-пя» дыбыстарын айтып, тілді соғу. Тілді дірілдетпей бос қылып, осы қалыпта 1-5 секунд ұстау.
«Тәтті тосап» жаттығуы
Орындалуы: ауызды сәл ашып, жалпақ тілдің алдыңғы шетімен жоғарғы ерінді жоғарыдан төменге қарай жалау.