Махамбет Өтемісұлы 220жыл мерей тойы

Махамбет жырлары ұрпағы үшін нағыз рухани азық

Батыр атамыз Махамбеттің шығармашылығы батырлығымен үндесіп, бүгінгі ұрпақ үшін асыл сөздің ұстасы, ерлікке,елдікке,елін сүюге үндейтін үгітшісі іспеттес. Ақын өлеңдерін оқи отырып, әр бір шығармасы көтеріліс,күрес, тартыс, үстінде туғанын көреміз, алайда соған қарамай шешендік өрнекке құрылған – терме, толғау, нақыл түрінде келеді. Меніңше, мінекей, батырлық пен ақындықтың үндескен жеріне дөп түскендеймін. Мысалы,

Аз сөйлер де көп тыңдар

Хас асылдың баласы…

Жаманнан туған жақсы бар

Атасын айтса нанғысыз, –

деген өлең жолдары халық арасында нақыл сөзге айналыпкеткен. Ата-әжелеріміз: «Шырағым, аз сөйле, көп тыңда» ,- деп ақыл айтуы осыған дәлел емей не?

Дауылпаз, батыр, ақын Махамбет өз заманында саясаттың құрбаны болып,қаншама жалғыздық тауқыметімен жеңіліс қасіретін көрсе де, халқын жүрегінен шыққан жалынды сөздерімен рухтандыра білген. Сол себепті мен Махамбет атамыз ерлік жайында жырлағанда кез-келген ақыннан асыра, жеріне жеткізе жырлады деп білемін.

Әрбір ел өзінің елдігін сақтап қалу үшін , ең бірінші ұлттық кодын сақтай білу керек. Ол дегенім тілін, ділін сақтай отырып, салт – дәстүрімен танымал бола білу. Бүгінгі күнде мұндай танымалдылыққа жастар үшін мүмкіндіктер өте көп. Осындай мүмкіндіктерді бізге жасап берген Махамбеттей бабаларымыздың өсиетін орындау, біздей, ұрпақтары үшін парыз деп білемін. Тілін жоғалтпаған халық, еркіндігімен егемендігін мәңгі сақтап қалары хақ. Қазіргі күнде елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде. Ұлттар арасында сыйластық пен құрмет бірінші орында. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі, бүгінгі күнде тіліміздің мәртебесі Аллаға шүкір биік дәрежеде.

Осындай бейбіт күнде өмір сүру бабалар ерлігі мен ілім үшін жұмсаған күшінде деп білемін. Халық ауыз әдебиетінен бастап, от жалынды ақын- жазушыларымыздың шығармашылығы тек мектеп бағдарламасында, ұстаздарымыздың түсіндіріп , бізбен жұмыс істеуіне ғана міндеттелмей , әр бір отбасы , ата-ана осындай рухани маңызы жоғары бабаларымыздың асыл мұрасын өз отбасында бала тәрбиесімен үйлестірсе , марқұм әжемнің айтқан ертегілеріндей қызықты дүниелер көп болса, нұр үстіне нұр болар еді…

Бабалар өсиетін орындау, елдігімізді сақтап, тіліміздің мәртебесінің биік болуы өз қолымызда достарым!!!

“№49 Сырдария жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі пән мұғалімі: Давлатова Азиза

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *