Әлия Әшім “Орыстандыру. Біз неге орысша сөйлейміз?” деректі фильмі.

Мақал авторы: Теміртау қаласы №2 жалпы білім беретін мектебі 11”Ә” сынып оқушысы Сарсенбаева Айкен

Еліміздегі мақтан тұтар журналисттеріміздің бірі Әлия Әшім өзінің саласына деректі фильм шығару арқылы үлкен үлесін қосты. Осыдан бір ай көлемінде “Орыстандыру. Біз неге орысша сөйлейміз?” атты деректі фильм жарық көрді. Бұл фильм – өзара араздықты емес, қазіргі өршіп тұрған еліміздегі ішкі мәселенің шығу көздері жайлы сыр шертеді. Жоба авторы Әлия Әшім, өткен мен қазіргі тарих көздеріне жүгініп, ізденіп, тарихтың көзін көрген тұлғалардан сұхбат алған. Солардың бірі, Мұхтар Әуезовтың ұлы Мұрат Әуезов және Сәбит Мұқановтың қызы Жанна Сәбитова. Олардың балалық шағында орыс тілі қалай тарағаны және ата-аналарының, яғни тарихи тұлғаларымыздың орыс тіліне көзқарасы қандай болғаны жайлы айтылады. Сонымен қатар, Әлия Әшім өз зерттеуі бойынша орыс тілі біздің елімізге қай жолдармен келгенінің бес нұсқасына тоқталып кетеді.

Демографиялық орыстандыру – ұлттың орыстануы.

Әскери орыстандыру – орыс тілінен хабары жоқ қазақ балаларының 2-3 жылдық әскерге барып, орысша сайрап келуі.

Экономикалық орыстандыру – индустрияландыру, жаңа қалалар салынуының арқасы.

Тың игеру кезіндегі орыстандыру – тарихта ойып тұрып орын алар тарихи кезеңнің салдарынан Солтүстік Қазақстанда әлі күнге дейін орыстандырудың болуы.

Білім беру кезіндегі орыстандыру – қаны қазақ балалардың орысша білім алып, орыс мектебіне баруы, қазақ тіліне деген сұраныстың азаюы.

Көрермен ретінде өз ойымды айтар болсам, осылайша орыстандыру саясатының қазақ жеріне келуінің себептері мен одан шыққан қорытынды салдары жайлы тарихи жазбалар, тіл жолында жүрген маман иелерінен сұхбат алу арқылы өте пайдалы және пайымды деректі фильм шыққан. Әрбір қазақ баласына және жанашырларына көріп, тарихи білім алуға кеңес беремін дегім келеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *