Жоқ, 8 наурыз емес!

Теміртау қаласы №2 жалпы білім беретін мектебі 11”Ә” сынып оқушысы Сарсенбаева Айкен

 

Жоқ, 8 наурыз емес!

 

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінен бөлек, 11 қазан Халықаралық қыздар күні бар екенін білесіз бе?

 

Аталған 11 қазан Халықаралық қыздар мерекесі 2012 жылдан бастау алады. Қоғам қоржынына енді аяқ басқан мереке десек те болады. Бұл атаулы күннің мақсаты – нәзік жандыларымыздың құқығын қорғау, бастарына түскен ауыр мәселелерді шешуге көмектесу, оларды қолдау.

Қазіргі таңда әлемде 3,9 млрд әйел адам өмір сүруде. Ал елімізде 52%-ды әйел адам құрайды. Әйел – ана да, карьера қуған білікті маман да, тіпті биік белесті бағындырар бизнес әйелі бола алады. Олар қоғамға әртүрлі салаларда үлестерін қоса алады. Алайда қоғамдағы теңсіздік, стереотипті ойлар әйелдің құқығын шеттететіні – рас. Сондықтан да, бұл күн 1995 жылы Қытай қаласы Пекинде өткен әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда Пекин декларациясы мен әйелдер құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша Іс-қимылдар шешімімен тығыз байланысты.

Елімізде нәзік жандыларға жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылық 2017 жылда күрт өсіп, қоғамда дүрбелең салған. 2020 жылы пандемиялық кезеңде тіпті 41,7%-ға артқан. Алайда 25% ғана әкімшілік сотқа жүгініп, өз құқықтарын қорғай алған. Ал қалған 16,7% ше?

Өз-өзін алдау, өз-өзіне орындалмас үміт беру, қоғамдағы стереотипті сөздер мен артық ойлардың кесірінен көп қыздар өз құқықтарын қорғай алмауда. Қоғамға енді ғана енген бұл мереке – қыздарымызға үлкен көмек пен қолдау көрсететініне сенеміз. Өйткені еліміздің әр өңірінде, әр қабырғада әртүрлі іс-шаралардың өтуі арқасында аталынып жатыр.

Мысалы, мектеп қабырғасында сайыс-ойын түрінде қыздың нәзік жаны мен ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрлеріміз бен ұстанымдарымызды ұштастыра отырып өтуде. Оны көруге келген әрбір жас оқушының ойы – осындай іс-шаралардың, бас қосулардың кеңінен өткізіліп тұруы. Бұл келешек ұрпаққа үлкен қолдау.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *