Алтын күз

Сатыбалды Нұргүл Бақтиярқызы

Мақсаты:
1) Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2)
 Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту;

3) Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

(Зал іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген, залға музыканың сүйемелдеуімен балалар кіреді).

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер!  Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін!

Күзге арналған тақпақтарын айтады.

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.     

(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі-түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен – Алтын күзбін!
Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі! 

Тәрбиеші: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!

Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.

Жапырақ пен сиқырлы биімізді тез бастайық. (би «Жапырақтар»).

Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Қалай керемет билейсіңдер. Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Үстіне тігіп көк шатыр,               Ағайынды бәрі,

Астында қызыл дәу жатыр.
Шықса-көк, түссе-сары.

(Қызылша)                                 (Жапырақ)

Сырты жасыл қатты,

Іші қызыл тәтті.

(Қарбыз)

Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балаларымыздың сізге арнаған жемістер туралы тақпақтарын қабыл алыңыз.

Асылым: Мен шиемін, шиемін,

               Күннің көзін сүйемін.

Бекнұр: Мен алмамын, алмамын,

              Таңдай татар бал дәмі бар.

(Музыка сүйемелдеуімен залға жалқау қыз жүгіре кіреді, жан-жақты шаша бастайды)

Алтын күз: Балалар, бұл кім? Неге ол тентек болып жүр?

Жалқау қыз:  Балалар, қараңдаршы, қандай күшті ойыншықтар, келіңдер, бірге шашып ойнайық.

Тәрбиеші: балалар ойыншықтарды шашуға бола ма? Сындыруға бола ма?

Балалар :  Жоқ, ойыншықты ұқыптап ұстау керек.

Тәрбиеші: Сондықтан, жалқау қыз, ойыншықтарды жинау керек.

Жалқау қыз: (Аяғымен тоқылдатып) Жоқ, мен жинамаймын. (бұртияды).

Тәрбиеші: Егер сен жинайтын болсаң, балалар саған тақпақ айтып береді.

Жалқау қыз: (қуана айтады) Ооо, онда жинаймын.

Балалар ортаға шығып тақпақтарын айтады.

Жалқау қыз: Керемет, жарайсыңдар, маған сендердің тақпақтарын ұнады. Ал сендер өлең айта аласыңдар ма?

Тәрбиеші: Әрине, балалар, қане бәріміз орнымыздан тұрып, ән салып берейік.

                    (қыздардың орындауында би «Қолшатыр»)

Жалқау қыз: Қандай керемет би! Енді бір ойын ойнап, көңілімізді көтерейік!

Алтын күз: Ал, балалар, сендер әнші де биші де екенсіндер, олай болса сендердің ептіліктеріңді бір көрейін.

Тәрбиеші: Балалар, біз ептілігімізді жарыста көрсетейік.

 Ойын. «Жемістерді жинаймыз»

. Ойын шарты: Балалар екіге бөлініп, себетке жемістерді жинайды. Жалқау қыз бен Алтын күз де ойынға қатысады.

Жалқау қыз: Тәртіпті бала болған қандай күшті. Мен де сендер сияқты тәртіпті, ұқыпты қыз болуға тырысамын!

Тәрбиеші: Олай болса, жарайсың!

Жалқау қыз: Ал, енді мен үйіме барайын. Өз ойыншықтарымды жинайын. Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балаларымыздың сізге ұсынар тақпақтары бар (Балалар өз тақпақтарын айтады).

Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым келіп қалыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі  кездескенше!
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап, Алтын күз шығып кетеді).

Жүргізуші: Алтын күздің сыйы – жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға Сау болыңыздар!

Күз берекелі, астықты болсын демекпіз!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *