Жабайы жануарлар
Макарова Райса Маликовна
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: Жабайы жануарлар
Мақсаты: Балаларға үш тілді меңгерте отырып, жануарлардың атын атауға, оларды санауға үйрету. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып, ағылшынша, орысша және қазақша сөйлеуге машықтандырып білімдерін жетілдіру.
Әдіс – тәсілі: Саяхат, сұрақ – жауап.
Кіріктірілген сабақ: Ағылшын тілі, орыс тілі, математика, музыка, тіл дамыту, құрастыру.
Көрнекіліктер: Атрибуттар, суреттер, бейне слайд.
Сабақ барысы:
Мұғалім: Балалар бүгінгі күн ерекше күн. Бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Олай болса апайлармен сәлемдесіп алайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме апайлар!
Мұғалім: Ал енді балалар сәлемдесуге арналған ағылшын тілінде әнімізді айтып жіберейік. «Hello Song»
Балалар: Hello, hello
Hello, how are you?
I am fine, I am fine
I hope that you are, too.
Мұғалім: Ал енді балалар шаттық шеңберіне тұрайық.
Біз кішкентай баламыз!
Өсіп – өніп толамыз
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз
Әлемдегі бар адамға
Жақсылық біз тілейміз.
Ұйымдастыру кезеңі:
Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс мезгілі
Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Желтоқсан – Декабрь – December
- Қаңтар – Январь – January
- Ақпан – Февраль – February
Қыста далада не жауады?
- Қар жауады
Қардың түсі қандай?
– Ақ – белый – white
Мұғалім: Балалар мен сіздерге сұрақ қоямын. Сұраққа кім жылдам жауап берер екен?
Ең айлакер аң?
– Түлкі – лиса – fox
Қораға шабатын аң?
– Қасқыр – волк – wolf
Үстінде тікенегі бар?
– Кірпі – eж – hedgehog
Жабайы жануарларды адамдар жақыннан көру үшін хайуанаттар бағында ұстайды. Сендер де жануарларды көргілерің келеме? Олай болса хайуанаттар бағына барайық.
Мұғалім: Балалар, бір біріңнің артынан тұрып, жаяу серуендеп хайуанаттар бағына барамыз. Хайуанаттар бағына жеткенше әркім өз атымызды айтып барайық. What is your name?
Балалар: My name is…
Мұғалім: Балалар қараңдаршы хайуанаттар бағына да жетіп қалыппыз. Who is this? Жолбарыс – тигр – tiger
Лера: Где увидеть отгадай-ка,
В городе тигренка, tiger.
Мұғалім: Қараңдаршы мында не жатыр? Who is this? Арыстан – лев – lion
Инабат: Царь зверей – мы это знаем,
На английском будет a lion.
Мұғалім: Who is this? Аю – медведь – bear
Жайна: Мишка косолапый ходит еле-еле,
Мишка, медвежонок по-английский bear.
Мұғалім: Who is this? Піл – слон – elephant.
Айкөркем: Подходить не велено
Мне к слоненку, elephant.
Он ужасно озорной
Обливает всех водой.
Мұғалім: Who is this? Көжек – кролик – rabbit.
Мадина: Дед траву граблями грабит
Хочеть есть наш кролик rabbit.
Мұғалім: Who is this? Түлкі – лиса – fox.
Нұрай: Рыжий – рыжий чудо флокс!
Рыжая лисичка fox.
Мұғалім: Балалар жабайы жануарлар нешеу? Кім айтады?
Балалардың жауабы:
Бір – один-one, екі – два – two, үш – три- three, төрт – четыре – four, бес – пять – five, алты – шесть – six.
Мұғалім: Балалар, біз сендермен ұзақ уақыт жаяу жүрдік. Хайуанаттар бағында серуендедік, шаршаған боларсыңдар. Олай болса сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Teddy Bear, Teddy Bear, run!
Teddy Bear, Teddy Bear, sit down!
Teddy Bear, Teddy Bear, stand up!
Teddy Bear, Teddy Bear, jump!
Мұғалім: Балалар, біздің бақшамызға қайтатын уақыт болды. Бір – біріңнің артынан тұрып, бақшамызға жеткенше «If you are happy» әнін айтып барайық.
If you are happy and you know it, clap your hands
If you are happy and you know it, clap your hands
If you are happy and you know it, and you relly want to show it
If you are happy and know it, clap your hands.
If you are happy and know it, stamp your feet
If you are happy and know it, stamp your feet
If you are happy and you know it, and you relly want to show it
If you are happy and know it, stamp your feet.
Мұғалім: Балалар, бақшамызға да келіп қалыппыз. Орнымызға жайғасып отыра қояйық.
Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?
– Иә, ұнады.
Мұғалім: – Хайуанаттар бағында қандай жануарлармен таныстық?
– Арыстан, жолбарыс, түлкі, піл, аю, көжек.
Мұғалім: Ендеше, сол жануарларды құрастырайық. Жеке жұмыс.
- Жарайсыңдар, балалар барлық тапсырманы бұлжытпай орындадыңдар. Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мынадай «Жарайсың» деген смайлик беремін. Балалар, қонақтарымызбен қоштасатын уақыт болды. Олай болса қонақтарымызға «Қош сау бол» әнін орындайық.