Бала тәрбиесінде ананың рөлі. Ата-аналар жиналысы
Тулебаева Бибигуль Буркитовна
Мақсаты: Казіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын қалыптастыру.
Міндеті: Әке мен ананың тәрбиедегі алатын орны маңыздылығы айтып өту
Ойын: «Танысу» Мақсаты:Ата- аналармен ашық түрде пікір алмасу
Ата -аналар кезекпен аты жөндерін айтады. Бұл жерде тек аттарын айтады да балаларының есіміндегі бірінші бас әрпіне байланысты мінгездеме сөзбен атайды.
Мини лекция. « Отбасы және оның міндеттері»
Құрметті ата -аналар слайдта көріп отырсыздар, бүгінгі біздің тақырыбымыз: « Тәрбиеде ананың рөлі», байқап отырған шығарсыздар, неліктен мен тәрбие сөзін тек бас әріптермен жазғанымды, себебі қазақ халқының ұлы жазушы М. Әуезовтің тәрбиелі бір әдемі де ұлағатты сөзі бар. « Тәрбие -тал бесіктен» деген. Міне отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз ата- ана, ата- әже, балалар, ұл ,қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір- бірімен тығыз байланыста болады.
Әр отбасы мемлекеттік заңдылықтар мен ережелерді сақтайды. Сонымен қатар казіргі заманға байланысты тіліміз бен салт- дәстүріміз қайта жаңғырған уақытта, егемендігіміз орнаған шақта, қазақ халқы, яғни өзіміз қазақ болып үлгі ретінде қатал сақтауымызға міндеттіміз. Әрқайысымызға белгілі, отбасының міндеттері үш түрге бөлінеді:
- Репродуктивті
- Шаруашылық
- Бос уақытты ұйымдастыру
Репродуктивті дегеніміз ол қызмет атқару, яғни баланы дүниеге әкелу, ұрпақтың жалғасын табуы.
Шаруашылық экономикалық қызметтің мәні әр отбасының ахуал жағдайы.
Бос уақытты ұйымдастыру ол ең негізгі қызметтің бірі тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру.
Отбасы болып құрылғаннан бастап, ата- ана өмірдің алғашқы күнінен бастап, өздерінің негізгі борышын атқаруға кіріседі. Ең басты, яғни олар ата- ана тәрбиеші, бала тәрбиені, яғни тәрбиенің алғашқы қадамын өзінің алтын ұясынан алады. Үй болып, бала туып немесе перзент көріп дейміз, әйел болып ана болу, осыдан ананың баланы тәрбиелеудегі рөлі басталады. Абай айтқандай « Өлейтұғын артынан сөз қалдырған» дегендей, тәрбие тал бесіктен басталады. Қазақ халқының ата бабаларының өшпейтін тәрбиелік нұсқа сөздері, бәрімізге казіргі заманда оттай қажет. Құрметті ата- аналар жаңа ғана ойыннан да біліп отырасыздар адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Міне, қай ата-ана болсын ең алғашқы өзінің ойын, тітті қиялын ән етіп, өлең етіп баласына арналған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жылағанда жұбату, қуанышпен ойнату, тәрбиелеу әдемі де көркем, әсерлі баланың құлағына қанығандай, есінде қалатындай өлеңмен, жырымен, ұлылардың асыл сөздерін айта отырып балалдарың тәрбиелеген. Міне, қазақ халқында тәрбиенің қадамы басталған.
Тәрбиелеудегі алғашқы қадам анасының сөзі. Ана бала өмірінде маңызды орын алады. Мейірімі қанып ана сүтін емген, ананың ыстық алақанын сезген бала қандай болып өседі? Ал керсінше болған жағдайда баланың бойында қандай өзгерістер болады?
Рахмет жауаптарыңызға, әрине, ананың мейіріміне тоймаған баланың бойында өте көп ауытқушылықтары болуы әбден ықтимал. Ал, үлгілі ана қандай ана?
Үлгілі ананың бейнесін құру.
Видеролик « Ана махаббаты»
« Отбасының қайнар көзі ол бақыттылығы» Егер отбасының іргесі нық болса, құрған қамалдары берік болса аталған отбасындағы тәрбие де дұрыс болады.Бала тәрбиесі ата- аналардың ықпалымен жүзеге асады. Ұрпақ жеріне де ол болашақтың берері де мол болады. Бұл деген аса маңызды міндеттің бірі.
Бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторларды аңықтау:
Ата ананың ішімдікке бой алдыруы;
Өз беттерімен бас қосып сайрандатып, өмірін күнде тойға айналдыруы;
Баланы үнемі жалғыз қалдырып, әке мен шешенің өз беттерімен біріне бірі ерегісіп балаға қарамауы;
Баланың демалысын дұрыс пайдаланбауы;
Көшеде кіммен, не бітіріп, кіммен ойнап жүр деп әке мен шешенің ойламағаны;
Баланың ер жетіп қалған кезде жат қылықтарын әке мен шешесінің көрмеуі, байқамауы;
Әке мен шешенің еңбек етпей бос жүрістері, еріншектігі;
Кейбір әке мен шеше бала өзі өседі, өсе келе өзі үйренеді дейді деп, балаға мүлдем қарамайды;
Бала мен ата- ана арасындағы түрлі жағдайлар, келіспеушілік, ұрыс жанжал, бір- біріне қол жұмсауы;
Отбасында бала өз құқығынан айырылуы, баланың сөзіне де,өзінеде мән бермеуі;
Баланы жасық етіп ұстауы; Соның салдарынан кейбір жастар селсоқ, өз пікірім жоқ, ынжық болуы осыдан;
Әке шешеде ортақ мінездің болмауында, мен мендіктері балаға әсер етуі;
Видеоролик «Ару ана»
Бала тәрбиесіндегі дұрыс ықпал ететін факторлар:
Отбасында әке мен шешенің бір біріне сенімділігі;
Балаға деген жауапкершілігі;
Отбасында үй ішіндегі жеке қарым- қатынастар;
Әке мен шеше үлгі ретінде балаға жарқын сеніммен сезіммен қарауы;
Әке мен шеше неғұрлым баланың қасында көбірек болса, баламен бірге оның ортасымен бірлессе сода ғана бала жақсыға қарай ұмтылады;
Еңбек тәрбие құралы дегендей , ата- ананың баламен жақсы қарым- қатынасы үй тірлігінде қалыптасады;
Ынтымақ болған отбасындағы балалар өнегелі болып өседі;
Отбасында жақсы дәстүр қалыптасса, ондағы өмір де мазмұнды болады.Ондағы балалар тәрбиелі болатыны анық;
Видеролик «Өзін өзі тану ата -аналар мектебі»
Ойын «Тілек»
Оқушылардың аналарына жазған хаттарын тарату «Асыл ана» әуені ойнап тұрады.
Қорытынды.
Ата – анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой – өлкесі,- деп Абай атамыз ата – ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата – аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата – бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл – қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Қорытынды,Ұсыныстар:
Бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөлу.
Ата- аналарға ақпаратты жеткізу.
Ата- ана мен мектеп тығыз байланыста болу, балаларға бірдей талап қою