Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға бейімделуі
Хамза Әйгерім Асқарбекқызы
Тақырыбы: «Мекткеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға бейімделуі»
Мақсаты: Балабақшаға жаңадан келген балалардың жеңіл бейімделуі үшін педагог-тәрбиешілерге кеңестер беру. Ата-аналармен бірлескен жұмыс тиімділігін түсіндіру. Ұжымдық оңтайлы қарым-қатынас орнату.
Бала жаңа ортаға келгенде өзіне үйреншікті емес ортаға келеді. Салдарынан балада эмоционалды өзгерістер орын алады. Тәрбиешінің негізігі міндеті – балаға стрессті жеңуге және жаңа ортаға бейімделуге көмектесу.
Балабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы, себебі енді анасы тәулігіне 24 сағат бойы қасында болмайды және мұнда оны күткен өзі құралпылас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшаға бейімделу кезеңі әр балада әр алуан сипатта өтеді. Қалай болғанда да, ата-анасынан 6-8 сағатқа ажыраудың өзі балаға ғана қиын емес, оның анасы үшін де күйзелісті жағдай.
Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды, себебі тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен 15-25 балаға ортақ. Кез келген ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жаныңда ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс.
Балабақшаға бейімделу кезеңі бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді таныстырады. Бейімделу-бұл позитивті (бейімделу, яғни дененің және психиканың барлық пайдалы өзгерістерінің жиынтығы) нәтижелерге немесе теріс (стресс) әкелетін белсенді процесс.
Бұл сәтті бейімделудің екі негізгі критерийін анықтайды: ішкі жайлылық (эмоционалды қанағаттану) және мінез-құлықтың сыртқы сәйкестігі (жаңа талаптарды оңай және дәл орындау мүмкіндігі).Көбінесе, екі-үш жасында бала балабақшаға бара бастайды. Оның өмірінде дәл осы кезеңде көптеген өзгерістер орын алады: күннің жаңа режимі пайда болады, ата-анадан бір күнге дерлік бөліну, мінез-құлықтың жаңа ережелері, басқа балалармен үнемі қарым-қатынас жасау, қауіпті және белгісіз жаңа орта мен бөлме, оның көзқарасы бойынша, ересектермен қарым-қатынастың басқа түрі. Бұл өзгерістердің барлығы бір уақытта балаға түсіп, оған стресс жағдайын тудырады, ол көп дайындықсыз невротикалық реакцияларға әкелуі мүмкін: қорқыныш, қыңырлық, тамақтанудан бас тарту, ұйқының бұзылуы, жиі аурулар. Барлық осы қиындықтар баланың таныс және әдеттегі отбасылық жағдайдан мектепке дейінгі мекеменің ортасына ауысуына байланысты орын алады.
Кеңес:
Баланың көңілін ешқашан қалдырмаңыз!
Балаңызға қолыңыздан келмей тұрған нәрсені істей алмадым — ау деп қиналмаңыз.
Ал қолыңыздан келіп тұрғанда істемесеңіз, онда сіздің қиналуыңыз әбден орынды.
Бастаған істі аяғына дейін жеткізбесеңіз, онда ештеңе істемеген болып шығасыз.
Бала өміріңді билейтін әмірші емес, тіршілік сыйлаған өмірдің қымбат қазынасы, сіз осы қазынаны көздің қарашығындай сақтауға, дамытуға және оның жүрегіне шығармашылықтың алауын жағуға міндеттісіз.
Бала — әке мен ананың махаббатын сақтайтын алтын қойма. Басқаның да баласын жақсы көріп үйрен. Өз балаңа істемейтін нәрсені басқаның баласына да істеме!
Балаң дарынсыз, жолы болмайтын болса да және есейіп кетсе де жақсы көруге міндеттісіз. Онымен қарым — қатынас жасағанда қуануға тиістісіз, өйткені оның сізбен болған әр күні мереке.
Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз жәнеде ойнаңыз!