Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы

Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы

Оқушылардың мектепте тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар олар әлеуметтену процесінің алғашқы сатысынан да өтеді. Бұл кезеңде балалар өздерін танып, қоғаммен байланыс орнатуға, пікір алмасуға, топта жұмыс істеп, жауапкершілік алуға үйренеді. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – осы әлеуметтендіру процесінде маңызды рөл атқарады.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл білім алушылардың мектептегі өміріне белсене қатысуы, өз пікірлері мен идеяларын білдіруі. Мұндай басқару формасы оқушылардың өздерін жауапты сезінуіне, шешім қабылдауға және ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мектепте өзін-өзі басқару органдары, мысалы, оқушылар кеңесі, клубтар мен секциялар, оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға, командалық рухты қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, өзін-өзі басқаруы әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін тиімді құрал болып табылады. Оқушылар түрлі іс-шараларға қатысу арқылы, пікірталасқа, қоғамдық жобаларға, қайырымдылық акцияларына белсене араласа отырып, коммуникациялық дағдыларын жетілдіреді. Топта жұмыс істей отырып, олар өзара сыйластықты, түсіністікті және ынтымақтастықты қалыптастырады. Бұл процесс олардың жеке тұлғалық қасиеттерін, оның ішінде тәртіптілік, мақсатқа ұмтылу және белсенділік сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, шешімдерге әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Бұл оларға өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға, қоғамда өз орнын табуға және өзін-өзі бағалауды арттыруға мүмкіндік береді.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы психологиялық тұрғыдан да маңызды. Олар көшбасшылық қабілеттерін дамытады, өз-өзіне сенімділікті арттырады, стресске төзімділікті қалыптастырады. Осының нәтижесінде оқушылар психологиялық тұрақтылықты меңгереді, өз эмоцияларымен жұмыс істеуге үйренеді.

Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруы – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы болып табылады. Ол оқушылардың әлеуметтік, психологиялық және ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді, жауапкершілікті сезіну мен өз пікірін білдіру мүмкіндігін арттырады. Сондықтан мектептерде өзін-өзі басқару жүйесін белсенді енгізу және дамыту қажет. Оқушыларды болашақта табысты және белсенді азаматтар ретінде тәрбиелеудің жолы – олардың өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін кеңейту.

 

 

 

Сулейменова Марина Мирманқызы

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің

Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы,

үйірме жетекшісі

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *