Серке газеті: Қиын сәттердегі шындықтың жаршысы
“Серке” газеті – ХХ ғасырдың басында қазақ халқының саяси-әлеуметтік өмірінде ерекше орын алған басылымдардың бірі. 1907 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген бұл газет қазақ интеллигенциясы мен ұлт-азаттық қозғалыстың рухани серпілісіне ықпал еткен маңызды ақпарат көзі болды.
“Серке” газетінің шығу тарихы: «Серке» газеті ресми түрде «Ульфат» атты татар тіліндегі газетке қосымша ретінде шыққан. Ол Петерборда (Санкт-Петербург) басылған. Бас редакторы- татар қайраткері Ғабрашид Ибраһимов. Газет бір ғана нөмірмен шектеліп, сол кезде патшалық Ресейдің саяси цензурасының салдарынан екінші нөмірі тәркіленген.
Газеттің өмірі қысқа болғанына қарамастан, «Серке» қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды және сол кездегі ұлттық сана-сезімді оятуда маңызды үлес қосты.
Құйрықты жұлдыздай, ғұмыры қысқа “Серке” газетінің атауын естігенде, «неге бұндай атау берілді?» екен деген сұрақтың көкейде туындайтыны анық. Ал оның себебі, біз ойлағаннан да терең, теңіз түбіндегі асыл тастай мағына жатыр. Малдың үлкен үйірін ешкілердің бастап келе жатататыны, жайлауда көз көрген көрініс. Ал сол ешкілердің, барлық төрт түліктің көшін ешкінің серкесі бастап келеді. Біз аса назар аудармайтын көрініс, газеттің осылай аталуына мұрындық болып отыр. Яғни, қазақтың жастары сауатты, білімді, көкірек-көзі ояу, жаңашыл, өзге елдермен терезесі теңесіп, тіпті көш бастап, алдыңғы қатарда жүрсін, санасында сәулелі ойлары, жүрегінде ұлтына махаббаты болсын, деген астарда қойылған атау. Бір сөзбен айтқанда, “Қазақ жастары-барша әлемнің, білім-ғылым көшін бастасын” деген мақсат болған.
“Серке” газеті алғашқы сандарында халықтың құқықтарын қорғауға, ұлттық сана-сезімін оятуға арналған мақалалар жариялады.
Газеттің негізгі мақсаты – патшалық Ресейдің қазақ халқына жүргізген отаршыл саясатына қарсы тұру, қазақ мәдениетін, тілін, дінін сақтау және дамыту мәселелерін көтеру. “Серке” газетін шығаруда ұлт көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың рөлі ерекше. Ол патшалықтың отарлық саясатын әшкерелеп, қазақ халқының бостандығын қолдаған ойшылдармен бірлесе жұмыс істеді.
Алайда, газеттің қызметі ұзаққа созылған жоқ. Бірнеше саннан кейін патшалық билік оны жауып тастады. Бұл әрекет газеттің ұлтшыл, азаттық идеясын ұстанғанын дәлелдеді. “Серке” газеті қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі ретінде тарихта қалды. Оның идеялары кейінгі қазақ басылымдарына және ұлттық қозғалыстарға үлкен ықпалын тигізді.
“Серке” газеті қысқа өмір сүрсе де, оның идеялары мен мақсаты қазақ халқының ұлттық санасын оятуға, азаттыққа ұмтылуға маңызды үлес қосты.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718