Бұранда – бекіткіш дайындау
Кокшеев Бериккали Тулеугалиевич
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға тақырып бойынша білі, білік дағдыларын қалыптастыру. Металлдыкесу арқылы өңдеу, металл кесу негіздері,токарьстаногындаорындалатын жұмыстарымен таныстыру арқылы оқушылардың білімін, танымдық қызығушылыққабілетін қалыптастыру.Оқушылардың теориялық білімін іс жүзінде дамыту, шығармашылық іскерлігін, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптасты. Токарь станогының техникалық күтімі, металл өңдеуге қажетті құрал- саймандары мұқият, тиімді пайдалану. Оқушыны ұқыптылыққа, үнемділікке бейімдеу, ойлау қабілетін дамыту арқылы жоғары тұлға ретінде тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақты оқыту әдісі: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта
отырып түсіндіру, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:Токарь станогы, дайындама, кескіштер,
стендлар, плакаттар, технологиялық карта,
оқулықтар
Пәнаралық байланыс: Сызу, физика, химия, математика
Үйірме жұмысының мазмұны
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатынасын тексеріп, дайындығын қадағалау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен сабақтағы тақырып бойынша оқушылардың білімін қадағалау, үйге берген тапсырма бойынша оқушылардың біліміне талдау жасау, өткен тақыпытарға байланыс қосымша сұрақтар қойып, олардың танымдық қызығушылық қабілетін дамыту
Жаңа тақырыпты баяндау:
Оқушыларды дайындамадан бұранда бекіткіш дайындау әдіс – тәсілдермен таныстыру. Оқушыларды бұранда –бекіткіш дайындау қажетті құралдармен және олармен жұмыс жасау тәсілдермен таныстыру
Практикалық жұмыс:
Токарь станогында жұмыс жасар алдында оқушыларды техника қауіпсіздігі ережесімен таныстыру.
Оқушыларды станокта дайындамадан жасалынатын бұранда – бекіткіш дайындаудың технологиялық картасымен таныстыру.Токарь станогында дайындамадан бұранда бекіткіш жасау.
Үйге тапсырма:
Өткен сабақтың тақырыптық мазмұнына талдау жасау. Өткен практикалық жұмысты қорытындылау
Жұмыстың қорытындысы:
Практикалық сабақта белсенділік танытқан оқушыларды атап өту
Токарлық өңдеудің технологиялық нұсқау картасы
Машина бөлшектерін токарлық өңдеудегі нұсқау картасы арнайы жобалармен құрастырылады. Оқушыларды технология пәнінен алған білімдерін, практикалық сабақ үстінде іс жүзінде игер қарастырылған. Токарлық өңдеуде технологиялық процестер бірнеше бөлімнен тұрады. Оқушылар станокты толық меңгеруі, жөңдеу, реттеу жұмыстарын, кескіш инструменттерді қайрау тәсілдерін, кескіштердің кесу бұрыштарын өлшеу әдістерін, токарлық станоктарда жұмыс орындау операцияларын үйренеді. Сонымен қатар жұмыс орнында ұйымдастыру ережелерімен бірге қауіпсіздік ережелерін орындау шарттарына дағдыланады. Жұмыс орындарында оқушыларға оқу жоспары бойынша кіріспе ретінде өндірістік оқу шебері, нұсқаулар айтып, нұсқау картамен қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді. Оқушылар тапсырма алғаннан соң әр оқушы өздеріне тиісті жұмыс орнында нұсқау картаны пайдалана отырып,жұмыс талабына сай қажетті құрал-жабдықтармен қамтылады. Нұсқау карта өндірістік оқыту шебері айтып көрсеткендей, жұмыстың орындалу операцияларын көрсетіп отырады. Міне нұсқау картаны оқушыларға жұмысты дұрыс жүргізуіне тигізер ықпалы зор. Металлдарды кесу мен өңдеуде де – тоарлық өңдеу – мамандықтардың бірі.
Технологиялық процесстердің элементтері
Барлық машина бөлшектерін дайындама пішіндерден жасайды. Өндірісте бөлшекктердің сыртқы формасын, өлшемін, өңдеу арқылы дайындама пішінін материалдардан – машиналардың конструктивті талабына қарай детальдарды жасайды.
Технологиялық процесс
Детальдарда өңдеп дайындап шығаруда жону, фасқа шығару, бұранда оймасын қазу, кесу жұмыстары кезегімен комплексті түрде орындалады. Дайындамадан бұранда – бекіткіш дайындау үшін, детальді дайындау төмендегідей кезеңділігімен технологиялық нұсқау картасына сай жүргізіледі.
І кезең
- дайындаманы патронға бекіту
- дайындаманы кескішпен тегістеп 50мм жону
- фаскелеу
ІІ кезең
- плашкамен бұранда оймасын қазу
ІІІ кезең
- жонғыш кескішпен детальді 80мм ұзындықта кесу
Металл жону станогында жұмыс істегенде сақталатын техникалық қауіпсіздік ережесі
Жұмысқа дейін
- Жұмыс киіміңді (халат, алжапқыш, берет) дұрыстап кейін;
- Жонып кесу жұмыстарына керекті құралдар мен аспаптарды тиісті орынға жайып кой;
- Станоктың жалпы жағдайын тексеріп ал (сақтандыру жапқышы, электр жүйесінің жермен жалғау қорғау сымы)
- Жонғыш- кескішті және дайындаманы дұрыстап бекіт, кілтті патроннан алып қой;
- Станоктың қосу, айыру түймелері арқылы тексеріп көр;
Жұмыс уақытында
- Жонғыш –кескіш дайындамаға бір қалыпта, жайлап тақа;
- Жарақаттан сақ болу үшін;
- Басыңды айналып тұрған патронға немесе кескішке көп еңкейтпе;
- Жұмыс істеп тұрғанг станоктың үстіне қол созып алыс-беріс жасама;
- Жонылып жатқан дайындаманы, кескіштерді, сулы шүберекпен не оның шетімен суытуға болмайды;
- Станок жұмыс істеп тұрғанда дайындаманың өлшемін өлшеуге немесе жаңқаларды жинауға болмайды;
- Станокты тоқтатар алдында, жонғыш – кескішті дайындамаданы қолмен қағып алуға болмайды;
- Ұзын дайындаманы артқы топайға (задняя бабка) тіреп бекіткенде оның мықтап бекітілгенін тексер.
Жұмыс соңыннан
- Суппортты өңделіп жатқан дайындамадан қашықтатып, станокты тоқтат.
- Станоктағы металл жаңқалары мен ұнтақтарды арнаулы қылсүрткімен және ілгекті сым тазалағышпен жина.
- Станокты , майлап кезекші оқушы немесе мұғалімге тапсыр.
Қорытынды
Оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жан-жақты зерттелген десекте, қоғамның жаңаруы, нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуі, жаңа реформалар мен саяси жүйенің өзгеруі оқушыларға кәсіптік бағдар беруде жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды талап етіп отыр.
Өз кәсібін таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқан ғана сапалы маман болатыны белгілі жайт. Ендеше мемлекет алдында елжанды, өз ісіне шебер кәсіп иесін тәрбиелеу күн тәртібінде тұрған мәселе екендігі даусыз. Өйткені, өз отанын сүйетін, оған қалқысыз қызмет етуге дайын маман өз кәсібіне сай қабілет, бейімі қалыптасқан маман ғана емес, ол адамгершілік, моралдық тұрғыдан үйлесімді дамыған тұлға болып табылады.
Сол себепті де кәсіптік бағдар беру оқушының тәрбиесімен, оның жеке бас дамуымен де тығыз байланысты, себебі оқушылар тек қана өздерінің қызығуына, қабілет, бейіміне қарай бой түземейді, сонымен қатар адамгершіліктік құндылықтар негізінде де қалыптасады. Сондықтан мектептен тыс жұмыстар арқылы да оқушыларға кәсіптік бағдар берудек қоғамның рухани, адамгершілік құндылықтарымен байланыста жүруі керек.