Жүдеу жүрек

Саған түсті ауыр жүк пен ауыр сын

Алынбаған қамалдар тұр алда мың

Аппақ қана жұмыр етім кірлеме

Әзірше көп,бергенімнен алғаным

Жабықтың ба жүрегім жалықтың ба

Сезімдермен алысып қалып мұңға

Қайғыра тұр қақың бар қажуға да

Одан кейін жетерміз алып қырға

Неге маған ренжисің жүрегім-ау

Аз болса төңкерерсің жыр әлемін

Бұлданып жырларыммен жырлаймын бір

Жылаймын-ау көзіме жас келгесін

Егер бәрі тыңдаса өз жүрегін

Онда жұрттар бақыттырақ дер едім

Әттең ақыл көнбейді ғой булығып

Ал мен болсам жүрегіме сенемін

Сезім ғой сау жүректі құртатын да

Мұнша мұңмен жұлқынған жыр туар ма?

Жетсе жетер шабытым қайғыруға

Сол қайғыммен жүректі жырлатуға

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *