ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Біздің ата-бабамыз ежелден бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп келеді. «Тәрбие басы тал бесіктен» демекші, шыр етіп өмірге келген бала кезімізден біздің бойымызға тәрбиені сіңіреді. Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері ғасырдан бері жинақталып келе жатқан алтын қазығымыз. Ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері. Қазіргі таңда саналы ұрпақ тәрбиесі болашағымыз үшін ең асыл мұра, ең қымбат құндылығымыз болып саналады.
Өскелең ұрпақты, шәкірттерді ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ата –бабамыз тәрбиенің діңгегі осы құндылықтарда жатыр деп өсиет айтқан. «Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді», – деп айтпақшы, тәрбиенің берілетін балалық кезіміздегі маңызы зор. Отбасында, мектеп қабырғасында алатын білім мен тәрбиенің орны бөлек. Расымен де балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады. Ал отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға қанық болып өскен баланың ұстанымы мықты болады десем қателескенім емес.
Ұлттық құндылық дегеніміз – әр ұлттың тек өзіне тән мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері, әдеби мұрасы, ұлттық ойындары, ұлттық идеологиясы. Ұлттық құндылықтар жойылмауы үшін, ұлттық тәрбиені ұлықтау қажет. Ұлттық тәрбие– халықтың салт–дәстүр, ана–тілі, төл мәдениеті негізінде берілетін тәрбие. Жоғарыда айтылғандай, әрбір адам өзінен бастау қажет. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, заман талабына сай білім беру керектігін естен шығармаған жөн.
Қорыта айтқанда, біз, жас ұрпақ, болашағымыз жарқын болуы үшін, ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіріп, нағыз азамат қатарынан көрінуге ат салысамыз. Ол үшін, әрине, білім алуымыз қажет, тәрбиемен сусындауымыз мақсат. Ата-абабамыздан қалған ұлттық мұраларымызды қадірлеу біздің ұрпақтық парызымыз екенін естен шығармау керек. Ендеше, ұрпаққа мирас болып қалған асыл мұрамыз құндылықт арымызды үнемі қастерлеп, естен шығармайық!
Арманқызы Айлана
Жамбыл облысы, Қордай ауданы
А.Байтұрсынұлы орта мектебінің
6 «А» сынып оқу
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718