Не білдік, не үйрендік

Сугирбаева Манар Жаксылыковна

            Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметі

Тобы: МАД «Б»

Тақырыбы: «Не білдік, не үйрендік»

Балалармен қысқа – ұзын, көлемді, пішінді, түстерді ажырата білуді қайталау, 1 20әа дейін санауды, ертегі кейіпкерлерді атауды, қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстарды білімдерін бекіту. Жапсыру оқу қызметінде желімді ұқыпты пайдалануға үйрету.Әріптермен  таныстыру.Жуан және  женішке  дыдыстарды  атап  үйрету.Әріптерді   ұқыпты  жазуәа дағдыландыру.

Білімділік: Балалардан жыл бойы өткен білімдерін бекіту. Балалардың сөздік қорын молайту, сұраққа түсініп, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Тіл мәдениетін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқу – қызметінде дұрыс отыруға, ойын шартын орындауға, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдістемелік әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, ойын жаттығулары.ң барысы:

Шаттық шеңбері:             Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын шашайық,

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу жинайық

Жинаған жылу шуақты

Қонақтарға шашайық.

 

Тәрбиеші: Ия, балалар бізде бүгін ерекше оқу – іс әрекеті. Біздерге көптеген қонақтар келіп отыр. Қане балалар қонақтармен амандасайық. Сәлеметсіздерме!

 

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем
  • Көктем мезгілінде неше ай бар?
  • Үш ай
  • Қане балалар атайықшы
  • Наурыз, Сәуір, Мамыр
  • Қазіп қай ай?
  • Мамыр
  • Бір аптада неше күн бар?
  • Жеті күн бар
  • Қане балалар апта күндерін атайықшы
  • Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.
  • Балалар біз қай күндері демаламыз?
  • Сенбі, Жексенбі
  • Кім маған апта күндері туралы тақпақ айтып береді?

 

КАУСАР

Дүйсенбіде доп ойнадық далада

Сейсенбіде серуен құрдық аулады

Сәрсенбіде серуен құрдық қалада

Бейсенбіде би биледік әндетіп

Жұма күні жидек тердік қыратта

Сенбі күні кино кордік клубта

Жексенбіде үйде болып демалдық

Осылайша өте шықты бір апта.

 

  • Өте жақсы балалар!
  • Балалар көктем мезгілінде ауа – райы қандай болады?
  • Жылы
  • Көктем мезгілінде адамдар қалай киінеді?
  • Жұқа
  • Көктем мезгілінде нелер келеді?
  • Құстар
  • Көктем мезгілінде нелер төлдейді?
  • Төрт-түліктер төлдейді
  • Ағаштардың жапырақтары не істейді?
  • Ағаштардың жапырақтары бүршік атады
  • Жақсы балалар сіздер көктем мізгілі тақпақ білесіңдерме?
  • Ия

 

ЖАНБОЛАТ:          Көктем келіп шуақты

Балаларды қуантты

Алақай – ау алақай

Құстар сайрап, гүл атты

 

МЕРЕЙ     :   Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты

Алақай – ау алақай

Көктем қандай шуақты.

 

Тәрбиеші: Балалар біз сіздермен жыл бойы қандай оқу – іс әрекеттерін өттік? Балалар барлығымыз атайықш. Көркем – әдебиет, Тіл – дамыту, Математика, Сурет, Жапсыру, Мүсіндеу, Құрастыру, Дене – тәрбиесі, Ағылшын тілі жыне Орыс тілі.

Тәрбиеші: Балалар қазір сендерге сұрақ қоямын, ал сендер тыныш отырып жауап бересіңдер.

  • Балалар менің қолымдағы қандай пішіндер?
  • Төртбұрыш, дөңгелек, сопақша
  • Ия дұрыс
  • Төртбұрыш неге ұқсайды?
  • Сағатқа, орындыққа, терезеге, үйге, дәптерге, кілемге
  • Төртбұрыштың түсі қандай?
  • Қызыл
  • Ия дұрыс
  • Ал екінші пішін қалай аталады?
  • Дөңгелек
  • Дөңгелек неге ұқсайды?
  • Сағатқа, тарелкаға, машина дөңгелегіне, допқа, ұарбызға, алмаға, өрікке
  • Дөңгелектің түсі қандай?
  • Сары
  • Үшінші пішін қалай аталады?
  • Сопақша
  • Ал сопақша неге ұқсайды?
  • Қайынға, қиярға, бананға
  • Сопақшаның түсі қандай?
  • Жасыл
  • Өте жақсы балалар сендер пішіндерді біледі екенсіңдер.
  • Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
  • Қазақстан Республикасында тұрамыз
  • Қазақстан Республикасының елбасы кім?
  • Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
  • Біздің бас қаламыз, яғни елордамыз қалай аталады?
  • Астана
  • Қазақстан Республикасының рәміздерін білемізба? Атайықшы.
  • Ту, елтаңба, әнұран
  • Ия дұрыс, жарайсыңдар
  • Балалар біз осы үй жануарлар жайлы білемізбе? Үй жануарларына төрт түлік жатады. Төрт- түлікке: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі жатады. Төрт- түліктердің балаларының өз аттары болады. Түйенің баласын – бота, жылқының баласа – құлыншақ, сиырдың баласы – бұзау, қойдың баласы – қошақан, ешкінің баласы – лақ деп атайды екен балалар. Сіздерді әжелерің, аналарың еркелетіп: құлыным, ботам, қошақаным деп айтама. Балалар төрт – түліктің пайдасы өте көп. Олардың жүнініен шұлық, шәлі, бас киім тоқиды жәнеде текемет басады екен. Олардың етін жейміз, сүтінен құрт, ірімшік, сарымай, балқаймақ дайындаймыз. Ертеде ата – бабаларымыз жылқы мен түйені көлік ретінде пайдаланған. Тұйенің сүтінен – айран, жылқы сүтінен – қымыз, сиыр сүтінен – қатық алған. Олар денсаулыққа өте пайдалы, дәрумендерге бай өнімдер. Төрт – түлік турал мақалдар бар. Қазір мен сіздерге оқып беремін мұқият тыңдаңдар.
  • Түйе – малдың сүттісі
  • Қой – түліктің құттысы
  • Балалар сіздерге төрт – түлік туралы тақпақ білесіңдерме? Кім маған айтып береді?

 

Абдулла:       Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады

 

 

 

АРАЙ:           Шөре – шөре лағым

Тентек болма шырағым

Селтеңдемей деміңді ал

Селтеңдемей шұнағым

 

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Балалар төрт – түлік немен қоректенеді? Су және шөппен. Балалар мен сендердің алдарыңызға төрт – түліктерді жәе шөп қойдым, сендер шөпті төлдердің алдына жапсырасыңдар.

 

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп – кішкентай ағаштар

Біп – биік болып өседі

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз.

Ойын: «Төлдер қалай дыбыстайды»

(Дидактикалық ойын)

Шарты: Мен Сендерге бейне таспа арқылы үй жануарларының дыбыстарын ойнатамын, ал сендер қай жануардың дыбысы екенін айтасыңдар.

 

Тәрбиеші: Ал енді балалар сендер ертегі білесіңдерме?

Балалар: Ия

 

Ертегі: «Жеті лақ»

Балалардың сахналауында

Лақтар:КАУСАР, МЕРЕЙ, ЖУЛДЫЗ, МУСЛИМА, ИНЖУ, НУРАСЫЛ, ЖАНБОЛАТ

Ешкі: АЙНАМКОЗ

Қасқыр: ЫРЫСБЕК

Қорытынды

Тәрбиеші: Балалар сіздер бүгігі оқу – қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендер жыл бойы алған білімдеріңді көрсете білдіңдер, сендер барлық тапсырманы орындай алдыңдар, өте жақсы балалар. Мен сендерді жұлдызшалармен мадақтаймын. Енді келген қонақтармен қоштасайық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *