Сандар

Убайдулла Баян Болатқызы

Білім саласы «Таным»

Тақырыбы: « Сандар»

Ұйымдастырылған оқу-қызметі:   « Математика»

    Білімділік : Балаларды 10 көлеміндегі сандардың қатарын ауызша тура және кері санауға жаттықтыру, ойын арқылы геометриялық пішіндерден бейне құрастыру, логикалық есептер шығарту. Халықтық     педагокикамен ұштастыра отырып балалардың білімдерін жаңа ақпараттармен байыту.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру және тұлғаны қалыптастыру,қызықты ойындарды елестету арқылы қиял болжамдарын дамыту, тіл байлығын, танымдық қабілетін, сөздік қарым­­ қатынастарын нығайту. Өздігінен дербес іс – әрекет жасауға машықтандыру.

Тәрбиелік : Бір- біріне деген достық қарым қатынасқа, досының қуанышын сезіне білуге, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру оқу іс- әрекетінің әдіс – тәсілдері: Елестету, сахналау, көрсету, ойын, сұрақ  жауап, санау, қайталау, сергіту сәті, бағалау, қорыту.

Құрал жабдықтары: Ертегі кейіпкерлерінің киімі, сандар, тапсырма кедергілері, геометриялық пішін, үнтаспа.

Психологиялық дайындық.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашаылсын,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой,

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар: Қайырлы таң Жер Ана,

Қайырлы таң Көк Аспан,

Қайырлы таң Достар,

Қайырлы таң қонақтар,

Сәлеметсіздерме, апайлар!

Тәрбиеші: Балалар, енді бірі- бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Балалар:  Еліміз аман болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Мейірімді болайық!

Деніміз сау болсын!

Балабақшамыз жайнай берсін!

Бәрімізде дос болайық!

Достарымыз көп болсын!

Әрқашан әдемі болыңыздар!

Аналарымыз аман болсын!

Тәрбиеші: Міне, балалар, сендер тату- тәтті дос екендеріңді білдіріп, бір- біріңе жүрек жылуларыңды беріп, жақсы тілек айттыңдар.Тілектерің қабыл болсын! Енді сендер 2 топқа бөлініп отыра қойыңдар. Сендер бәріңде маған өте жақынсыңдар. Сендерді ай мен күнге теңеп «Ай мен Күндей болыңдар» деп тілек айтып, 1 топқа «Ай» деп 2 топқа «Күн» деп ат қойғым келеді.

Балалар кәне бәріміз енді көзімізді жұмыпертегілер еліне ойша саяхат жасаймыз.

Айналамызда жап жасыл ағаштар, жайқалған әдемі гүлдер. Құстардың сайраған үні естіледі.Әдемі көбелектер ұшып жүр. Мөп -мөлдір, тап таза бұлақ ағып жатыр.Мұнда ғажайып ертегі кейіпкерлері бір- бірімен дос болып тату- тәтті өмір сүруде. Енді балалар, көздеріңді аша қойыңдар. Ертегі сендерге ұнады ма?

Балалар: Ұнады.

Осы кезде әуен сазымен Қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек: Амансыңдар ма, балалар! Мен сендерге ертегілер елінен келдім.

Міне, қызық, балалар. Біз жаңа ғана ертегілер елі туралы айтқан едік. Ал, сонымен мына әдемі қыз қай ертегі кейіпкері екен?

Балалар: Қызыл телпек.

Қызыл телпек: Балалар , мен достарымнан адасып қалып, өзіме жаңа достар іздеп жүрмін. Менің тапсырмамды орындап, дұрыс шешсеңдер мен сендермен дос боламын.

Тәрбиеші: Ал,енді Қызыл телпек тапсырмасын орындаймыз ба?

Балалар: Иә,орындаймыз.

Тәрбиеші: Тапсырманы қай топ бірінші болып орындаса,топтың белгісі ретіндегі Ай мен Күн бейнесін қай топ көп жинаса сол жеңіске жетеді. Қызыл телпек бізге «Шатасқан сандар» деген ойын әкеліпті. Біз осы шатасқан сандарды ретімен орналастырып, тура және кері санауымыз қажет.

(Ұтқан топқа өз бейнесінің суретін беру)

Тәрбиеші:Балалар, біреудің жүгірген дыбысы естіледі.

Бауырсақ:Амансыңдар ма,балалар!Мен атам мен әжемнен қашып келе жатырмын.Мені танисыңдар ма?

Балалар: Иә,сен бауырсақсың.

Тәрбиеші:Біздің  балалар өте дұрыс айтты.Бауырсақ сенің ақолындағы не зат?

Бауырсақ:Бұл музыкалық кілт.Балалар тапсырманы  дұрыс орындаса,мен олармен дос боламын.

Тәрбиеші:Балалар бауырсақпен дос боламыз ба?

Балалар:Дос боламыз.

Қазір аспапта ойналған дыбыстың неше рет соғылғанын анықтап, алдарыңдағы сағаттан көрсетіңдер.

Балалар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Тәрбиеші: Жарайды, жақсы. Балалар, Бауырсақтың келесі тапсырмасы бойынша тақтада ілулі тұрған гүлдер бейнесінің нешеу екенін санаймыз?

Балалар: Гүл бесеу.

Тәрбиеші: Жақсы өте дұрыс. Балалар,есікті біреу қағып тұрған сияқты. Бұл кім екен?

Буратино: Қалайсыңдар, балалар!Мен ертегілер еліне келе жатырмын, мені таныдыңдар ма?

Балалар: Сен Буратиносың.

Буратино: Жарайсыңдар, балалар мен сендерге қызықты тапсырма әкелдім. Соны шешіп берсеңдер мен сендермен дос боламын.

Тәрбиеші: Ал,кәне Буратиноның тапсырмасын орыдаймыз ба?

Балалар: Орындаймыз.

Тәрбиеші: Табақта үш алма

Қолымда екі алма.

Болады барлығы неше алма?

Балалар: Бес алма.

Тәрбиеші: Балалар, мысықтың мияулаған дыбысы естіліп тұрған сияқты?

Мысық: Амансыңдар ма, балалар!

Балалар:Амансың ба,Мысық!

Тәрбиеші: балалар, Мысық бізге қай ертегіден келді деп ойлайсыңдар?

Балалар: «Мақтақыз бен Мысық»

Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар.

Мысық:Балалар,менде қызық ойындар бар. Қане,ойнап жіберейік. Мысықтың ойыны «Байқағыш».

Мысықта қанша құлақ бар?

Мысықта қанша аяқ бар?

Мысықта қанша құйрық бар?

Мысықтың құлағы ұзын ба,құйрығы ұзын ба?

Балалар барлық сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар дұрыс таптыңдар,ойын ұнады ма?

Балалар: Өте ұнады.

Тәрбиеші: Балалар,жарайсыңдар,бүгінгі оқу іс- әрекетіне қатысқан топтардың ұпайын санайық. Біз ертегілер елінен келген достарымыздың тапсырмасын орындап,олармен достастық. Олар риза болды. Әрі қарай сендермен достықтарын жалғастырғылары келеді. Солай ма, Қызыл телпек, Бауырсақ, Буратино, Мысық?

Жауап: Иә.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Балалардың затты 10 ға дейін санай алуы,сандарды,кейіпкерлерді тануы,ертегі аттарын білуі керек.

Меңгеруі: Цифрларды танып, көрсете білуді, нешеу деген сұраққа толық жауап беруді, шатасқан сандарды ретімен қоюды меңгереді.

Жасай алуы: Өз бетімен іс- әрекет жасап, кейіпкерлердің бейнесіне еніп, дауыс ырғағын келтіре алады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *