Қызыл телпек қонақта

Досджанова Балияш Тулегбердиевна

Бөлімі: Коммуникация

Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметі: жылбой өткенді қорытындылау

Тақырыбы: Қызыл телпек қонақта.

Мақсаты: Жыл бойы өткенді қайталау.Қоршаған ортадағы заттардың қызметі мен қасиеттерін іс жүзінде тануға қызығушылықтарын дамыту.Қарапайым математикалық ұғымдарды бекіту.Ертегі арқылы байланыстырып сөйлеуге,сөздік қорларын дамытуға,жақсы мен жаманды ажыратуға үйрету.

Көрнекі құралдар: Слайд,Қызыл телпек ертегісі,сандар,жемістер мен көкөністің суреттері.

Сөздік жұмыс: Қызыл телпек.

-Балалар,бүгін бізде ерекше күн.Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті,қане амандасайық.

       Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Қайырлы күн,балалар!

Қайырлы күн,балалар!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі.Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?Есімізге түсірейікші.

-«Қызыл телпек», «Мақта қызбен мысық», «Шалқан», «түлкі мен тырна»

-Жарайсыңдар балалар.

-Балалар,бізге қонақ келген секілді.Қане қарайықшы кім келді екен?

Ішке жылап Қызыл телпек келеді.

Саған не болды,неге жылайсың?

Қылыл телпек: Әжеме барып едім,менің әжемді қасқыр алып кетіп,маған хат тастап кетіпті.

Хатты ашып оқып беру.

Хатта: «Қызыл телпек әжеңді құтқарғың келсе мына тапсырмаларды орында» депті.

Балалар,Қызыл телпекке көмектесеміз бе?

-Ия

Олай болса тапсырмасын орындайық.

1-тапсырма:1-ден 5-ке дейін санау.

 

 

-Жарайсыңдар,балалар!

2-тапсырма:Үй жануарлар мен жабайы жануарларды ата?

Балалар үй жануарлары мен жабайы аңдарды бөліп ажыратады.

 

3-тапсырма:Әженің үйін пішіндерден құрастыру.

Балалар геометриялық пішіндерден әженің үйін құрастырып,қандай пішіндерден құралғанын және олардың түстерін ажыратады.

Сергіту сәті.

Бір деп тік тұрамыз

Екі деп айналамыз

Үш деп секіреміз

Төрт деп отырамыз.

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»

Балалар себетке жемістер мен көкөністерді бөліп жинайды.

-Жарайсыңдар,балалар!

-Балалар,бүгін біздер барлық тапсырмаларды орындап,Қызыл телпекке көмектестік.Енді Қызыл телпекті әжесіне жіберейік.

Қызыл телпек:Рахмет балалар,сендер маған көп көмектестіңдер.

Балалар,біз Қызыл телпекке әжесіне баруға көмектестік.

Ал сендер де бір-біріңді ренжітпей ,әрқашан дос болып көмектесіп жүріңдер.

Қорытынды сұрақ-жауап:

-Ертегі елінен кім келді?

-Қызыл телпек келді.

-Міне біз өзіміздің білімді,ұшқыр екенімізді көрсете отырып,Қызыл телпекке әжесіне баруға көмектесіп,берілген тапсырмаларды орындадық.Баларды мақтап,мадақтау.

Қонақтармен қоштасу.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *