Балабақшада не үйрендік?

Түйебаева Айсауле Мусаевна

Мақсаты: Балалардың жыл бойына алған білімдерін тиянақтап бекіту.

Берілген сұрақтарғаойланып дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

Ойын арқылы ойлау қабілетін,тіл байлығын,танымын,өнерін дамыту.

Шапшаңдықпен табандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Түрлі суреттер,шарлар.

   Шаттық шеңбері.

Арайланып таң атты.

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз.

Жарқырайды бақшамыз.

-Жарайсыңдар,балалар!

-Балалар бүгінгі күніміз ерекше болмақ.Бүгін бізге аспаннан түрлі түсті шарлар ұшып келіпті..

Қызыл,сары,көк түсті.,

Шарларымыз көп тіпті.

Қане қайсысын таңдайсың,

Түсін біліп алғайсың.

Балалар шарлардың түстері қандай?

Қызыл,сары,көк,жасыл.

Балаларбіздің шарларымыз сиқырлы екен,олармен бірге тапсырмаларымызда бірге келіпті.

Пішіндер туралы екен.Мынау қандай пішін?

-Үшбұрыш

-Жарайсыңдар балалар!

1-тапсырма: Бұл тапсырмада бірнеше сұрақтарға жауап береміз ба?

-Ия.

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде неше ай бар?

3-ай бар.

Атап берейікші

-Наурыз.сәуір.мамыр.

2-тапсырма: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата?

Өте жақсы балалар бұл тапсырманыда өте жақсы орындап шықтыңдар.

             Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Оңға қарай бір адым

Солға қарай бір адым

Орнымызды табайық

3-тапсырма:Балалар мына тақтадағы суретке назар аударайықшы.Ненің суреті бейнеленген?

Олай болса балалар өз үйлерімізді құрастырайықшы.

Мынау қандай пішін?

-Төртбұрыш.

4-тапсырма:1-ден 3-ке дейін санау.

Дидактикалық ойын: «Шардың бауын тап?»

Қорытындылау:

Балалар бүгін бізде қандай сабақ болды?

Бізге қандай керемет шарлар ұшып келді?

Өте жақсы жарайсыңдар!

Балаларды мақтап,мадақтау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *