Халықтық Коммерциялық Фонд ашылуы тиіс
Бұл жоба келесі жобалардың бірі болады: Халықтық Инвестиционный Фонд, Халықтық Акционерлік Қоғам, Коммерциялық Фонд, Краудфандинг. Ол қазіргі бар ИнвФонд, Халықтық АҚ, КомФонд айырмашылығы бар, себебі қайсы бірі болса да ақша негізінде халықтан, халықтың өз қалауымен жиналады. Және ақша жинаушылар, яғни инвесторлар млн болып кетсе де иелері сол млн адам, иелері халық болып қалу керек. Әрине басшы біреу болады, бірақ ақылға қонымды, адал әрі әділ халықтың шешімі де, талаптары да күшті рөль атқаратын ету керек. Бір отбасы, тіпті бір әулеттен 10-30%дан артық иемдене алмайтын етіп компанияның саясатын туындаған мәселеге қарап дамытып отыру керек. Ақша халықтан жиналған соң аздаған адамның қолында қалмайтын тұрақты, мәңгі қағидасы болуы керек компанияның саясатында.
Оның басты мақсаты: қарапайым халыққа қолдау; елдің дамуын қолдау; коммерциялық бағытта жұмыс істеп, қайырымдылықты коммерциялық етіп жүргізу; адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, бизнесті дамыту, халықты жұмыспен қамтамассыз ету.
Бастапқыда мүмкін: Тіркелген аты болады, Шоты болады, Жауапты басшысы мен 1-2 жұмыс жүргізетін адамдар. Кейінірек өскенге байланысты: қосымша кеңейе береді.
Жұмыс түрі кез-келген ақылға қонымды, әлемнің озық тәжірибесіне сүйене отырып шешім жасап кәсіп жүргізу. Кәсіптер: Жеке кәсіпкерліктің, ЖШС-тің, АҚ-ның, ИнвФондтың кез-келген бағытта жұмыс жүруі мүмкін икемділігіне қарап. Олар мүмкіндіктерге қарап ретімен жасалады. Мысалы, бірнәрсе өндіру, сауда-саттық, тасымалдау, жекеменшік мектеп, гостиница, ауылшаруышылығы, тау-кен өндірісі т.б., Трансұлттық Компания деңгейіне дейін кез-келген қарастырылады қаржы мен мүмкіндіктердің өсуіне байланысты.
Жалпы адамдардан кәсіп жүргізуге қолдау сұралады; адамдардың берер ақшасы негізінен қайтарымсыз қайтарымсыз ашқа деп қарастырылады, себебі бұл жекелеген тұлғалардың қайырыдмыдылқ немесе қолдауға берген ақша. Ақшалай көмекті «краудфандингке ерігіп», «жақсылық жасаймын», «садақа» деп беру керек, себебі олардың берген ақшасы қайтарымсыз беріледі. Яңни, ақшаны беріп кейін сұрамайтын ерікті ақша аударады. Егерде кейін осы кәсіп млдр-таған доллар тапсада олардың сұраныс-талаптары қарастырылмайды. 19.999тг ($39) аударсада ол қайырымдылық/қолдау деп қабылданады. Кәсіпті ашуға жиналатын қаржы/адамдардан қолдау сұрайтын қаржы/адамдардан қайырымдылыққа сұрайтын қаржы алдын ала солай айтып ескертілу керек.
Ал, егерде біреулер 20,000тг ($40) және одан жоғары ақша аударса, олардың тізімін жасалу керек. Көрсетілген ақшасы мен керекті мәліметтерімен бірге тізім базасы болуы керек. Ол адамдар сол жиналған қаржыдан ашылған кәсіптің иелері болып табылу керек автоматты түрде, яғни инвестор ретінде сапталады. Және де, оларда берген ақшаларының құнына сәйкес табыс олардың шоттарына түсіп тұру керек. Табыстың түсу жолы кәсіп жүргізгенде жалпы шығындардан соң таза қалған пайдадан есептік жинақталған соммадан 6 айда бір немесе жылына бір реттен төленіп тұруы керек. Бұл өмір-бақилық табыс көздеріне айналатын етіп жасалу керек компанияның саясатында. Адамдардың, яғни инвечторлардың табысы алқашқы қосқан соммадан млдр есе асып кетседе олар иесі болып қалуы тиіс. Яғни, еслеп қайтарылды деп атқарушы басшылық компанияны иелене алмауы керек. 100жыл өтіп инвестор қайтыс болса баласына не жақын туысына мұрагерлік болып қала беретін болуы керек.
Түскен қаражатпен кез-келген кәсіп жүргізіледі, мысалы мектеп ашу. Осы жұмысты жүргізушілер, мектеп қызметкерлері табыстарын толық нарыққа сай алады. Салық, т.б. шығындар есептелген соң қалған табыс болмаса жұмыс жалғасып, алға ұмтыла жұмыс жүргізіледі. Бизнесте ондай боладыю Ал таза табыс болса, 100% табыста инвесторларға төлем мен қайырымдылық 10да 90%; 25те 75%; 40та 60% секілді әр түрлі сол кезде орын алған жоспарға, жағдайға сай бөлінып отырылады. Мысалы, жеке мектептен түскен табыстың 10% қайырымдылыққа/халыққа 90% инвесторларға; тағы басқаша мысал: саудадан түскен табыстың 30% халыққа таратылады, бірақ таратқанда кәсіп ашуға көмек беріледі. Яғни, қайырымдылыққа ақша беріле салмайды, қайырымдылыққа кәсіпке қолдау көрсетіледі. Қайырымдылық – ең бастытсы тек коммерциялық бағытқа беріледі. Көмек түрлі жолмен жүреді: құрал сайман, аппарат, станок, көлік әперу, дүкен ашып беру т.б. Сонда, қайырымдылық инвестор өліп кетседе үзілмей жалғасатын болады. Инвестордың алғашқы жасаған үлесі үшін компания жұмыс істеп тұрғанда қайырымдылық тоқтамайды. Әрі қолдаулар тек комерциялық бағытта болғандықтан, кәсіптен кәсіп жанданып еселенеді. Жағдайы нашар немесе кәсіп бастай алмаған адамға кәсіп ашып берген соң олардың жағдайлары жақсарады. Көмек алғандар да көмек беруші, инвесторларға мұқтаждар инвесторларға айналады. Табыстың қалған бөлігі инвесторлардың шоттарына аударылады.
Компанияның табысы былайда бөлінуі мүмкіндігі болады. 100% таза табыстың 30% басқаларға қолдау көрсетуге, 30% инвесторлардың шоттарына аударылады, 40% бизнесті дамытуға жұмсалады. Үлкенірек кәсіпке айналу немесе басқа саладан тағы кәсіптер ашу үшін. Бұл қосымша табысты көбейтіп, инвесторлардың табысын арттырады және қайырымдылық жасау мүмкіндігін өсіреді.
«Аш адамға балық берме, қармақ бер!» қағидасында жұмыс жүргізіледі. Садақаға мұқтаж адамдарды ол сатыдан шығарып, садақа берушіге айналдыру. Тек коммерциялық бағытқа ақша жиналып ашылған кәсіп болады. Және тек коммерциялық бағытта қайырымдылық жасалады, яғни кәсіпке/кәсіп ашуға көмектесу. Компания саясаты басқаша қайырымдылық түріне бағытталмайды, кәдімгі кез-келген бизнес секілді жұмыс жүргізіп, тек өзі қалаған нәрсеге қолдау көрсетеді. Бірақ қолдау тек кәсіпке байланысты болады. Ал басқаша қайырымдылық түріне басқа көптеген қайырымдылық қорлар бар. Қолдау тек кәсіпке бағытталған себебі түскен пайданы/қаражатты бірден жаратып таусытпау. Мысалы біреуге азық-түлік, киім-кешек, баспана бере салудың орнына ақшадан ақша табатын кәсіп ашып беру. Себебі тамағы таусылады, киімі тозады, үй ішін қамтамассыз ету керек. Көмек ретінде жай ақша бере салса мұқтаж адам әліде мұқтаж адам болып қала береді. Егер оларға қолдау көрсетіп, үйретсе, табысқа бастама берсе ол сатыдағы адамдар қатарынан шығады. Мұқтаж адамдар саны азайады.
Бұл пирамида емес, себебі ақша бер байып кетесің, орнына қосып былай ақша беріледі немесе адам тіркесең былай ақша табасың деген жоқ. Олай ақша ауадан шығу деген жоқ. Жиналған соммаға қарап шын кәсіп жүргізіледі. Бизнес күйсе нарықтағы заңдылық бойынша кейбір бизнестер күйеді. Бизнес гүлденсе нарықтағы заңдылық бойынша кейбір бизнестер гүлденеді. Осы гүлденген бизнестегі табыс соның пайыздық бөлігі ғана қайтады және тек 20,000тг ($40) және одан жоғары ақша бергендердің тізімдері ғана есепке кіреді. Себебі, мысалы 20млн адам 1тг ($1) берсе ол тым көп адам және табысы тым аз. Сол секілді, 1000тг-ден ($10) 1млн адам ақша аударса да тым көп адам, әрі табысы тым аз. Есептеуге арзымайды, айтуға арзымайды, қағаз толтырып жұмыстарын істеуге арзымадй, уақыт кетіруге арзымайды.
Ақша жиналу мен бөлінуді, таратуды түсіндіретін болсақ. Бұл шамамен былай бөлінеді: мысалы, көптеген адам 1тг-19,999тг ($1-$39) арасында береді дейік. Бұл сумма 100млн тг ($200.000) болды делік.
Көптеген адам 20,000тг ($40) берді делік. Бұл сумма 200млн тг ($400.000) болды делік. Сонда 10,000адам 20,000тг ($40) берді. Жалпы 200млн тг ($400.000) болды.
Тағы көптеген адам 20млн тг ($40.000) берді делік. Бұл сумма 2млрд тг ($4mln) болды делік. Сонда 100адам 20,000,000тг ($40.000) берді. Жалпы 2млрд тг ($4mln) болды.
Осы жобадағы кәсіп, мысалы мектеп. Мектептен барлық шығындар алынып тасталған соң 200млн тг ($400.000) таза табыс қалды делік. Оның 30% кәсіп ашуды қажет еткен азаматқа қолдау, қайырымдылық. 40% инвестиция табысты көбейту мақсатында бизнестің дамуына, басқада мектеп ашылуына. 30% инвесторларға. Сонда, 200млн тг ($400.000) табыстың 30% инвесторларға таратылады, яғни 60млн тг ($120.000). 20мың тг ($40) бергенге пайызына сәйкес аз, 20млн тг ($40.000) бергенге пайызына сәйкес көп қаржы шоттарына аударылып отырады.
Мына сценарий: Жалпы жиналған қаражат: 2,4 млрд. тг ($4.800.000)
Шағын қайырымдылықтар 1тг-ден 19999тг-ға дейін($1-$39): 200 млн.тг ($400.000)
Инвестициялар 20 000тг ($40) және одан жоғары:
Әрқайсысы 20 000тг ($40) қосқан инвесторлардан 200млн тг ($400.000)
Әрқайсысы 20млн тг ($40.000) үлес қосқан инвесторлардан 2млрд тг ($4mln)
Шағын қайырымдылықтарды, 20 000 тг-ден ($40) төмен ұжымдық қор ретінде қарастырылады: Кішігірім қайырымдылықтардан түскен 100млн тг бизнесті дамытуға жұмсалатын компанияның капиталы болып саналады, мүмкін немесе мүмкін толық капитал ақшасы болып есептеледі.
Инвесторлар үшін иелік пайызына назар аударымыз, 20 000тг ($40) және одан жоғары.
20 000тг ($40) салатын инвесторлар санының көп болуына байланысты жеке меншік үлесі өте аз. Негізгі назар ұжымдық меншікке және қомақты сомаға үлес қосатын ірі инвесторлар үшін пайданы бөлуге бағытталған болмауы үшін компанияның дауыс беру жүйесі арқылы шешімге халықты қатыстыру керек. Әйтпесем халық иелігі төмендеуі мүмкін. Мысалы, 20миллион теңгеден ($40.000) асатын салымшылар дауыс беру құқықтарын немесе жеңілдіктерін арттыруы мүмкін. Ондай нәрсе компанияның саясатында болмау керек. Ақша қарапайым халықтан жиналған соң аздаған адамның қолында қалмайтын тұрақты, мәңгі қағидасы болуы керек. Бірақ, әркім алқашқы аударған ақшасына сай азы аз, көбі көп ақша алады. Ең көп ақша аударған ең көп табысқа ие болады.
Ал, инвестор санынның көптігі жұмыстың тиімді істелуіне кедергі келтірсе келесі жолмен табысты бөлу қарастырылады. Инвесторларды инвестиция көлеміне қарай деңгейлерге бөлу (мысалы, 20 000 тг – 99 999 тг, 100 000 тг – 199 999 тг және т.б.) (for example, $40 – $199, $200 – $600 etc.). Табысты әр деңгейге барынша теңдей бөлу қарастырылады.
Бұл жалпы бир мысал ғана, 200 000тг ($400) мысалға алып есептеуге де болады. Жобаның артықшылықтары: қарапайым басқару – күрделі үлестік меншікті басқарусыз пайданы бөлу оңайырақ. Шағын инвесторлар үшін тартымды – шағын бастапқы инвестициямен де табыс ұсынады. Бұл осы суреттегенмен ғана шектелмейді, кәсіп жыл сайын көп табыс тауып жатса, акциялар шығарып, әрбір инвесторларға сол кәсіптің пайыздық иелігіне сай акцияларға ие болады. Кәсіп өскен сайын акция бағасы өсіп, олайда табыс болып есептеледі.
Көп компаниялар, жерлер, ресурстар санаулы адамдардың қолында. Бай байып жатыр, кедей кедейіп жатыр. Қарапайым халық бірігіп, біз өзіміз игере аламыз соның барлығын. Бұл жоба пассивті табыс көзі болғандыңтан адамдарға еркіндік береді, бос уақыт береді. Бұл жоба болашаққа алдын ала алға қадам басатын жоба; болашақта жұмысшылардың орнына роботтар істейтін, автоматтандырылған дәуірде адамдар жұмыссыз, табыссыз боламын деп қорықпайды, компаниялардың табысынан өз үлестерін алып отырады.
Құрметпен,
Ахмедов Нұрлан Нұрғалиұлы!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718