«Балалардың танымдық – зерттеу іс – әрекетін қалай дамыту керек»
«Балалардың танымдық – зерттеу іс – әрекетін қалай дамыту керек»
Жоспар:
І. Шаттық шеңбер
ІІ. «Балалардың танымдық – зерттеу іс – әрекетін қалай дамыту керек» (теориялық бөлім)
ІІІ.Практикалық бөлім
ІV. Қорытынды бөлім: шешім шығару.
Тақырыбы:«Балалардың танымдық – зерттеу іс – әрекетін қалай дамыту керек»
Мақсаты: Педагогтардың танымдық қасиеттерін дамыту үшін зерттеу әрекеттерін терең түсіндіру, күнделікті әрекеттеріне енгізе отырып жұмыстарын жалғастыру.
Құрметті педагогтар! Бүгінгі № 2 педагогикалық кеңесті ашық деп жариялаймын!
І. Шаттық шеңбер
Әр елдің салты да, сәлемдесу рәсімдері де әр түрлі болады, әлемдегі ең қызықты сәлемдесу дәстұрлерімен таныстыруға барлықтарыңызды ортаға шаттық шеңберге шақырамын. Ол үшін екі шеңбер жасап, бір-бірлеріңізге қарама –қарсы тұрып менің айтуым бойынша әрекет жасайсыздар.
Тайланд Тай елінің амандасу рәсімі «вай» деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, «савадди» деп айтады.
Жаңа Зеландия
Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар «ха» рәсімін жүргізеді. «Ха» рәсімі тәңірге құлшылық ету.Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.
Тибет
Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Тувалу
Тувалу еліндегі дәстүрлі сәлемдесу дәстүрі өте қызық. Полинезияда орналасқан арал мемлекетіне саяхат жасаған жандар жергілікті халықпен жақындасу әрекетіне дайын болуы керек. Бір-бірін көрген бойда екі жан бір-бірінің беттеріне жақындап, терең дем алады.
Жапония
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса ән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі.
Кения
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.
Қытай
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады.
Массай
Массай тайпасының өкілдері сәлемдескенде қос аяқтап секіреді. Неғұрлым биікке ұмтылған сайын сізге деген құрметі соншалы жоғары болғаны.
ІІ. Теориялық бөлім
Тақырыбы:«Балалардың танымдық – зерттеу іс – әрекетін қалай дамыту керек»
«…Айтсаң – ұмытармын,
көрсетсең – еске сақтармын,
татқызсаң – түсінермін…» деп қытай халық мақалында айтылған. Қазіргі заман талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтарға келешекте өз өмірлерінің, олардың жастық қабілеттерінің нені қабылдап өрістете алулары қабілеттеріне жаңалықтылық концепцияларды үйлестіре білуге тәрбиеленуде және де осының арасынан дұрыс бағыт тауып өз кірген ортасында негізгі бейімділік тауып әрқашан өзгерістерге бейімділікпен тәрбиеленуі қажет.
Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.
Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, педагогтер баланың оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтауға талпыныс жасайды.
«Зерттеу арқылы оқытудың» басты мақсаты – тәрбиеленушілердің адам мәдениеті дамуының кез-келген сатысында атқарылатын іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен, жаңа қабылдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу әрекеті – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет мектеп жасына дейінгі балалардың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балаларда арнайы білімді қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуға қажетті бағдарламаны өңдеу қағидаларын анықтаған. Тәрбиешінің ғана қолынан келетін нәрсе – ол балалардың ісініне деген қызығушылығын өшіріп алмай, ары қарай астыруы. Яғни, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту, балаларға берілетін тапсырмалардан ерекше тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық, дидактикалық ойындар беру арқылы қызығушылығын үстемдеу, сұрақтармен мәселерді шешуді, өз бетімен іс істеуге үйрету, зерттеуге баулу.
ІІІ. Практикалық бөлім
Педагогикалық кеңес екі тілде өткендіктен практикалық бөлімді орысша ертегі арқылы жүргізейін деп шештім.