Менің Отаным – Қазақстан
Түркістан Облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылы №56 Ю.Гагарин атындағы ЖББМ КММ-нің 5 “Д” сынып оқушысы Зулфикарова Раййана
Менің Отанымыз – Қазақстан . Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет .
Елімізде әрбір адам өз пікірін айта алады . Жалпы мені болашақта өзім және
менің ұрпақтарым өмір сүретін аймақ туралы көп толғанамын . Менің
арманымдағы Қазақстан экологияда да , ғылымда да жоғары деңгейде болуы
шарт . Болашаққа мен үмітпен әрі жылулықпен қараймын . Бірақ қазіргі
Қазақстанды жаман жағдайда деп айта алмаймын . Біздің еліміз еңселі елу
елдің қатарына кірді . Ендігі мақсат – мемлекетімізді дамыған отыз елдің
қатарынан көру . Ол үшін Қазақстан аянбай еңбек етуі керек . Сонда ғана біз өз
еңбегіміздің жемісін көре аламыз . Қазақстан Тәуелсіздігін 1991 жылы алды.
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында қол жеткізген
болатын . Елбасының арқасында өз тіліміз , өз валютамыз , Ата заңымыз туралы
бірнеше заңдарды қабылдап , оларды іс жүзінде қолдана бастадық . Бұл
қаситетті тәуелсіздіктің арқасы .
« Қазақстанның бүкіл тарихы – бірігу , тұтастану тарихы » деп елбасы
халқымыз үшін бірліктің , татулықтың маңызды екенін ұғындырғысы келді . Біз
бірліктік ел болдық . Ал , сол қазір бірліктің нәтижесін көріп отырмыз . Мысалы
дәл қазіргі сәтте елімізде « ЭКСПО-2017» көрмесі болып өтті . Бұл көрме
еліміз үшін абырой .
Қорытындылай келгенде қиялымдағы , яғни арманымдағы Қазақстан
қазіргіден басқашалау . Сонымен , менің арманымдағы Қазақстанды білгіңіз
келсе , төмендегі толғанасыма көз салыңыз .
Халық саны қазіргіден едәуір көп . Қазақстанда тұратын барлық адамдар ,
қазақ болсын немесе басқа ұлт өкілдерінің барлығы қазақ тілінде еркін
сөйлей алсын . Әрбір азаматымыз – Отансүйгіш . Елдің қамын Кенесары секілді
қорғай білетін , әкелері балаларын Құнанбай секілді тәрбиелейтін , ақын Бұқар
мен Абайша күңірене білетін айбынды ұлт болуымыз қажет.
Рубрика “Сөз маржан” Collaboration_Fest