Менің Отаным- менің тағдырым
Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті “Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ” КММ 5″Б” (орыс) сынып оқушысы Климова Элонна Жетекшісі: Ерназарова Рыскул Анасратдинова
Менің Отаным – менің тағдырым
Отаным Қазақстан – мен үшін аса қымбат әрі жүрегіме жақын мекен. Бұл елде дүниеге келіп, өсіп-жетілгеніме әрқашан мақтанамын. Әрбір азамат өзінің Отанын қорғап, оған адал қызмет етуге міндетті деп санаймын. Мені патриоттық сезімге баулып келе жатқан отбасым мен ұстаздарыма алғысым шексіз. Олар маған Отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты және жауапкершілікті үйретіп келеді.
Мен қазір мектепте 5-сыныпта оқимын, бірақ болашақта елімнің дамуына өз үлесімді қосуды армандаймын. Мақсатым – жақсы білім алып, өз Отанымның игілігіне қызмет ету. Әсіресе, қазақ тілінің мұғалімі болуды қатты қалаймын. Себебі, қазақ тілі – біздің мемлекетіміздің мемлекеттік тілі, әрі әрбір азамат оны білуге тиіс. Мен болашақта балаларға осы тілді үйретіп, олардың білімді, мәдениетті азамат болып өсуіне үлес қосуды армандаймын.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті, бейбіт өмір сүруде. Бұл – еліміздің кеңпейілділігі мен қонақжайлылығының көрінісі. Бізде өзара түсіністік пен құрмет бар, бұл біздің күшіміз. Біздің халқымыздың көпұлттылығы – біздің байлығымыз, ал бірлігіміз – біздің ең басты құндылығымыз.
Қазақстанның болашағыә жарқын екеніне сенемін. Мен өзімнің арманымды жүзеге асырып, елімнің дамуына үлес қосуға дайынмын. Әрбір қазақстандықтың өз жеріне, еліне деген махаббаты болашақта мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуіне ықпал етеді деп ойлаймын.
Рубрика “Сөз маржан” Collaboration Fest