Мені өзгерткен Абайдың қарасөзі

Әділханқызы Ғажайып

Мені өзгерткен Абайдың қарасөзі

 

Абай-қазақ жазба әдбеиетінің негізін салушы ғана емес,философиялық тұжырымдарымен бүкіл қазақ халқының да дұрыс ойлауының негізін қалаушы. Абайдың биік таныммен көмкерілген ой-өрнектері терең гуманистік идеяға, жоғары философияға құрылған әдеби мұрасының бір бөлігі оның қарасөздері болып табылады.

Абайдың қарасөздері өмірде көріп-білген, танып-сезген жайлардан шығарған қорытынды есебіндегі даналық ойлар іспетті. Сондықтан бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың қарасөздері кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырып, саналылыққа тәрбиелейтіні сөзсіз.Себебі Абайдың қарасөздері өз заманындағы өзекті мәселелерге негізделсе де, бүгінгі күні де өз маңызыдылығын жоғалтпаған, керісінше, оның ғибратқа толы қарасөздері дәл бізге арнап жазылғандай.Дана Абай атамыздың әр қарасөзін оқи отыра, көптеген дұрыс тұжырымдарға келіп, жаңа бір әлемге түсіп кеткендей күй кешетінім жасырын емес.Осыған дәлел, он жетінші қарасөзіндегі нұрлы ақыл,жылы жүрек, ыстық қайратты айта аламын.

..Оның «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» деген қанатты сөздері нұрлы ақылдың адам өміріндегі ең алтын қазына екендігін ұқтырады. Нұрлы ақыл-дұрыс шешім шығарудың таптырмас құралы. Осы құралды дұрыс қолдана білетін адам ғана үнемі білімге ұмтылып, қанша жаста, қандай дәрежеде болса да жаңа дүниені көруге деген құштарлығын ешқашан жоғалтпайды.Сонымен қатар, ақылы нұрлы, әрі берік адам ешқашан дүниеқұмарлыққа, нәпсіқұмарлыққа бармайды, адамға жат қылықтардың бәрінен өзін аулақ ұстайды. Жылы жүрек-адам жанының, ішкі әлемінің айнасы дер едім. Себебі бұл қасиет адамның қоршаған ортасымен, табиғатпен, қоғаммен,жалпы бүкіл әлеммен ең жақсы қарым-қатынас орнатуының және адамзатқа деген шын пейіліменен, таза ниетпенен толассыз еңбек етудің кепілі.

Әрбір қазақ баласын ойландырған бұл қарасөзде қозғалған тағы бір қасиет-ыстық қайрат. Адам ойындағы арман-мақсаттарын жүзеге асыруға мейірімді жүрегі мен нұрлы ақылы жеткіліксіз,ешқашан сөнбейтін ыстық қайраттың болуы да маңызды.Ыстық қайрат-жалындап тұрған ерік-жігер, бізге қайтпас қайсарлық пен табандылықты қамтамасыз етеді.

Әрбір адам өзін тұлға ретінде қалыптастыру жолында, кемел адам болуға, көркем мінезге ұмтылуда осы үш асыл қасиет бойынан табылу қажеттігін аңғардым.Абай Құнанбайұлын реалист тұлға ретінде қабылдап,оның ащы шындықтарға негізделген еңбектерін оқитын әр адам,елге де, өз ісіне де қызмет ететін тұлғаға айналатыны анық.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *